2 жылдың өзін тиімді пайдалансаңыз, көптеген жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын.
Мақсатсыз адам ешқандай жетістікке жете алмайды. Сондықтан алдыңызға дұрыс мақсат қойыңыз. Мақсат қойған соң, ары қарай еңбек ету керек.
Егер мақсатыңыздың бастауы ҰБТ-дан жоғары балл алып, грант жеңіп алу болса онда тест бойынша дайындалу керек. Әрине, теспен шектеліп қалуға да болмайды. Тесттерді жауаптарымен жаттауды кеңес бермейтін едім, әр сұрақтың негізін түсініп алу керек. Мысалы, бір есеп берілсе, оның жауабы мына сан деп емес, оның шығарылу жолдарын меңгеріп алған жөн.
Ал, уақытты тиімді пайдалану жөніндегі ұсынысым:
2 жыл 730 күннен тұрса, 730 күнде 17520 сағат бар. Уақытты тиімді пайдалану сол сағаттардың қаншасын ұйқыға, қаншасын ойын-сауыққа, ал қаншасын сабақ оқуға жұмсайтыныңызға байланысты.
Сізге айтарым, тек қана алға ұмтылыңыз. Аттестатқа түсетін баға үшін емес, болашағыңыз үшін білім алыңыз.