0 дауыс
635 көрілді
Мен 9 жыл дұрыс оқығам жоқ,енді 2 жыл жақсы оқып жақсы болып кете аламын ба?

Мен 9 жыл болашағымды ойламай жүре беріппін,енді 2 жыл қалғанда ойлай бастадым! 2 жыл жақсы оқып табел жақсы бағаға толып тұрса,жоғарғы оқу орнына барғанда қайсысына қарайды 9-сыныптағы аттестатқа ма?11-дегі ма?

11 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Үйдің фундаментін бос қылып құйып, шала әрі мықты емес  қылып құйдың делік. 

Одан кейін басың жұмыс жасап кірпіштерін бар өнеріңмен қалайсың. түп түзу, айна қатесіз жасайсың делік.

Ал енді ойлап көр. Фундаменті нашар үйдің, оқтай салынған кірпіштері не болар екен?

Жарлпы, осы екі жылда усиленно жақсылап, басынан бастап оқуың керек. Репетиторға дайындал үзбей. Әлгі фундаментте кеткен қателердің орнын толтыр. 2 жылда жақсы біліп шығуыңа болады. Әрине, шын қыласпен оқысаң. Мына бір жақсы сөзді есіңде сақтап ал "Көп оқи бергеннен пайда жо, оны көңілге тоқу керек". сонда ғана миыңда жақсы сақталады. Іске сәт! Өз болашағың үшін бар күшіңді сал.!

+1 дауыс
Мүмкіндігін бар. 11 сынып аттестатына қарайды. Мамандықты дұрыс таңдау жаса.
+1 дауыс
IA ARINE EGERDE SIZ ERINBESENIZ BARI POLADI SATTILIK TILEIMIN
Рахмет...!!!!!!!!!
+1 дауыс
11 DEGI ATTTESTATKA BOLUI TIIS
+4 дауыс

Мейлі сенің аттестатыңдағы бағалар 3 бола берсін, ҰБТ-да бағың жанып 100-ден асыра алсаң аттестатың маңызды емес. Аттестаттың бағаларына мынадай жағдайда қарайды : Грантқа конкурс болған кезде сенің баллың басқа біреудікімен таласқа түсіп тұрса(яғни жинаған баллдарың бірдей болып тұрса) кімнің аттестатында 4,5 көп сол грантқа өтеді. Бірақ басыңда " Өйй ҰБТ-ны шпормен алып шығамғо, уайым емес" деген ой болмау керек. Олай ойласаң шпорға сеніп жүре бересің, баста білім болмайды. Так что оқы )) 2 жыл оқыған білімің университетте де керек болады )))  

Иә, аттестаттағы баға осындай жағдайда ғана ескеріледі. Сонымен қатар, егер жақсы бағалар болса ата-анаңды да қуантады.
егер дым білмесе қалай 100 балл жинайды?
Бақ шаба ма бап шаба ма дей ме атам қазақ )))
Дым емес қой!Тек математикадан дыммын!
Дұрыс айтад жоғары балл алсаң ата-анаңды қуантасың. Небір-небір көп білетін адамдардың проходной ала алмағанын көрдікқо.
Р.S : ҰБТ-дан жоғары балл алуың жаңа технологиялардың дамуына байланысты. Мысалы : WhatsApp, MMS, Блютуз т.б =))))
0 дауыс
меніңше мүмкін емес
+1 дауыс
Аттестатқа қарамайды, ҰБТ-тің нәтижелеріне қарайды.
+1 дауыс
Шынымен де, фундамент нашар болса, онда бәрі бекер. Бірақ сонда да оқу керек. Мен 1 -сыныптан бастап жақсы оқып келе жатырмын. Әлі де жақсы оқимын.
+1 дауыс

2 жылдың өзін тиімді пайдалансаңыз, көптеген жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын. 

Мақсатсыз адам ешқандай жетістікке жете алмайды. Сондықтан алдыңызға дұрыс мақсат қойыңыз. Мақсат қойған соң, ары қарай еңбек ету керек.

Егер мақсатыңыздың бастауы ҰБТ-дан жоғары балл алып, грант жеңіп алу болса онда тест бойынша дайындалу керек. Әрине, теспен шектеліп қалуға да болмайды. Тесттерді жауаптарымен жаттауды кеңес бермейтін едім, әр сұрақтың негізін түсініп алу керек. Мысалы, бір есеп берілсе, оның жауабы мына сан деп емес, оның шығарылу жолдарын меңгеріп алған жөн. 

Ал, уақытты тиімді пайдалану жөніндегі ұсынысым:

2 жыл 730 күннен тұрса, 730 күнде 17520 сағат бар. Уақытты тиімді пайдалану сол сағаттардың қаншасын ұйқыға, қаншасын ойын-сауыққа, ал қаншасын сабақ оқуға жұмсайтыныңызға байланысты. 

Сізге айтарым, тек қана алға ұмтылыңыз. Аттестатқа түсетін баға үшін емес, болашағыңыз үшін білім алыңыз.

+1 дауыс
Мен сияқты екенсің!Менде 9сыныпқа дейін оқығам жоқ.Алайда репититорға, түскі сабақтарға үзбей келіп жүрмін.Соның аркасында 1тоқсанда табельіме 5 түсті,яғни үздік болдым.Осылай 11сыныпқа барамын деген ойдамын!
Математикадан қалайсын?
8сыныптан бастап репититорға қатысқаннан кейін, әрине жақсы білемін,агент,керек емес программаларды өшіріп,сабақка дайындалудамын.
+1 дауыс

Нұрғалие Қуанышбек інім, өмірде Біліміңді котеремін десең еш қашанда кештік етпейді! Әрине талпынсаң оқуға және орындауға болады, Бірақ қашанда адам әр істі жасағанда - мәнісі мен мағынысын түсінген дұрыс. Ендігі мына жазған комментаридің саған еш бір қатысы жоқ Үйдің фундаментін бос қылып құйып, шала әрі мықты емес  қылып құйдың делік. Одан кейін басың жұмыс жасап кірпіштерін бар өнеріңмен қалайсың. түп түзу, айна қатесіз жасайсың делік. Ал енді ойлап көр. Фундаменті нашар үйдің, оқтай салынған кірпіштері не болар екен? бұл айтылған сөз басқа мағынада айтылған және басқа істерге Себебі; Адамда белгілі мақсатпен ынтасы және және талпынысы болса онда жасуға болады! Інім, Қашанда шешімді өзің қабылда.

...