0 дауыс
555 көрілді
Қазақстан жүрек аурулары бойынша қайтыс болатын адамдар жөнінде әлемде көш бастап тұр.Неліктен??

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бұның ең басты себебі кардиолог мамандар шет жақтарда жетіспейді.Жүрек ауруларының түрлері өте көп  . Жалпы дамыған елдерде кардиологияның өзі бірнеше салаға бөлінеді.Соның ішінде  аритмология саласы бізде енді ғана дами бастады. Осыдан бірнеше жыл бұрын ауылдағы бір туысымның қызында жүрек қағысының бұзылу ауруын ауыл тұрмақ облыс орталығының өзінде де диагноз қоя алмай ,тіпті ауру емес "ипохондрик" деп үйіне қайтарып жіберіп жүрді.Тіпті "психиатрға барып емдел" дегендері жынымызға тиді. Сол уақытта Алматыға келіп институт кардиологиядан аритмология саласы бойынша бүкіл республика бойынша бір түйр ғана маман бар екен Кошумбаева Кулзида деген.Оныда президентіміз Москвадан шақыртып алыпты. Бір кісілерден естіп сол аритмологқа жолығып тексеріліп ,бір ақ күннің ішінде диагноз қойылды.,Туысымның бағына қарай сол кісінің арқасында Новосибирскіге барып емделіп құлантаза жазылып келді. Алған емі жүрекке операция деп аталғанмен ,тамырдан катетер арқылы жүректегі артық өткізгіш сияқты бірнәрсені күйдірген.Қандай диагноз екені есіме түспей тұр. Осындай жүрек ауруларына.уақытында тез ,дұрыс диагноз қоюға мамандар жоқ болса,адамдар өлмей қайтеді?жанағы операцияны өзімізде жасауға техникалық жабықтар жеткізіліп неге мамандар дайындап,соларға жағдай жасамайды.? Жаңалықтардан оқысаң бюджеттен медицина мен білімге қыруар қаражат бөлініп жатады. Осы бөлінген қаражат ,дұрыс мақсатта жұмсалса бұндай жағдай болмас еді! 

0 дауыс
Себебі, біздің дәрігерлердің сауаты мен біліктілігі төмен. Барлығы ақша табудың жолына түсіп кеткен. Сондықтан, кез келген кенет қайтыс болған адамға "жүрек ауруы, инфаркт" деп диагноз жаза салады.
мүмкін сіздікі де дұрыс шығар
"жүрек ауруы, инфаркт"  ауруын қоюды қазір қатал түрде тексереді. Аузыңа келгенді айта бер ме
Оу, медик мырза! Сыпайы сөйлесейші. Сен сияқты медикке емделсек, анық инфаркт болатын шығармыз.
0 дауыс
Өйткені біз қазақпыз. Өлейін деп жатқанда ғана дәрігерге келеміз. Ол кезде дәрігер не істейді, ол құдай емес қой. Сондай кезде анау  m.virus2013 сияқты дәрігерлерді жек көретін топас мінезді туысқандары дәрігерлерді кінәләп шыға келеді. Одан бөлек бізде семіздік, темекі шегетіндер, арақ ішетіндер көп , солар да әсерін тигізетін шығар
–1 дауыс
Ескірмеген МАХАБББАААТ-тың кесірі!!!
...