+2 дауыс
93.3k көрілді
Жүрек аурулары неден болады?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

1) Жүрек және қан жүретін тамырлар.
Жүрек – кеуденің ішкі сол жағында орналасқан бұлшықетті мүше. 4 камерадан тұрады: 2 жүрекше және 2 қарынша.Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300 гр. Минутына 70 рет соққанда тамыр арнасына 4-5 литр қан айдайды. Денеге жүктеме түскен кезде қан ағымы 4-5 есе көбейеді. Дене еңбегімен айналыспайтын адамның жүрегі тоқтамастан тәулігіне 10 тонна, жылына 3650 мың, өмір бойы 300 мың тонна қан жүгіртеді. Бұл барлық мүшелерге қорек және оттегі жеткізіп тұратын тамыр мен артерияларда қан қозғалысын қамтамасыз ететін сорғымен тең. Қан жүретін тамырлар жүректен тарайды.

Қан жүргізіп, нәр бергізіп, жүректі оттегімен байытып тұратын қан жүретін тамырларды коронарлы артерия дейді. Қалыпты нормада тамырлар созылымды болады. Тамыр қабырғаларында май шоғыры жиналып қалса, тамыр қысылады, май шоғыры бұзылған кезде тромбоциттер бүлінген жерге жабысып, тромб пайда болады. Қан ағымы жүрек немесе  миға жетпей тарылып немесе бітеліп қалады. Осылайша, жүрек-қантамыр аурулары пайда болады.

2) Жүрек-қантамыр аурулары деген не?
Жүрек-қантамыр аурулары – жүрек және қан жүретін тамырлар ауруының топтары. Оған инфаркт, инсульт жатады.
Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алудың көптеген мүмкіндіктері бар. Себебін, белгілерін және ауру даму қаупі факторларын білгеніңіз жөн.
Тамырлардың бітелуі белгілері
Ентігу немесе ауа жетпейтіндей сезіну, шаршау, жүрек қағу, бас ауыру,аяқ ісу, ұйқы бұзылу. Тамырда тромб болып, жүрек бұлшықеттеріне қан жетпегенде жүрек ұстамасы болады. Қан жетпегендіктен жүрек бұлшықеттері жансыздана бастайды. Көбірек қан жүрмей қалса, жүрек те соғұрлым зақымданады.
Инфаркт миокардасы
Белгілері әртүрлі адамда әртүрлі болады. Жиі кездесетін белгілері:

  • -кеуде жайсыздығы, әсіресе көкіректің орта тұсында, Қысылып, күйіп толып тұрғандай сезіну, ауыру;
  • -бір немесе екі қолда бірдей, иықта, мойында, арқада, жақта немесе іш тұсында жайсыз сезіну;
  • -бас айналу, әлсіздік, тершеңдік, жүрек айну;
  • -ауа жетпеу

Инсульт 
Артерияны тромб бітеп немесе жарылғанда ми тамырлары зақымданатын тамыр ауруы. Сол кезде жасушалар бұзылып, жансыздана бастайды. Инсульттан адам өліп кетеді немесе мүгедектікке әкеп соғуы мүмкін.
Инсульт белгілері:

  • -беттің кенеттен жансыздануы немесе аяқ-қолдың әлсіреуі (дененің бір жағы жансызданып қалуы)
  • -кенеттен көз қарауытып, көрмей қалу
  • -тілі күрмелу, дұрыс сөйлей алмау
  • -кенеттен себепсізден-себепсіз бас айналу
  • -бас айналу, естен тану

Осындай белгілер байқалса, дереу жедел жәрдем шақырыңыз.

«103» – жедел жәрдем

3) Жүрек-қантамыр ауруларының даму факторлары
Қауіпті қалай төмендетуге болады.
Біз басқара алатын және басқара алмайтын қауіп факторлары бар. Басқара алмайтын:

  • - жас – жас ұлғайған сайын ауру қаупі жоғары,
  • - жыныс – еркектер жиірек ауырады,
  • - тұқымқуалаушылық.

Бұл жағдайда сіздің қауіпті төмендетуге мүмкіндігіңіз бар.
Сау жүректің формуласы
0 ↔ 3 ↔ 5 ↔ 140/90 ↔ 5 ↔ 3 ↔ 0

0 – шылым шекпеу
3 – күніне  3 километр жаяу жүру немесе 30 минут баяу қимылдау
5 –күніне  5 порция жеміс-жидек немесе көкөніс жеу
140/90 – артериалдық қысымның жоғарғы шегі сынап бағанасынан 140 мм. жоғары емес, төменгі шегі сынап бағанасынан 90 мм. төмен емес.
5 – холестерин деңгейі 5 ммоль/л-дан жоғары емес
3 – «нашар» холестерин 3 ммоль/л-дан төмен емес
0 – артық салмақ пен қант диабетінің жоқтығы.

Басқара алатын:
Бірінші фактор– темекішегушілік
Шылымдағы уытты заттар тамыр қабырғаларын зақымдап, тромб пайда болуына ықпал етеді.

  1. Темекішегушілік қантамыр аурулары қаупін тудыратын басты фактор.
  2. Темекішегушілік өмірді  7-13 жылға қысқартады.
  3. Темекішегушілік  артериалдық қысымды көтереді.

Егер темекіні тастасаңыз, 1 жылдан кейін миокард инфаркты даму қаупі 50%-ға азаяды,  10 жылдан соң коронарлық аурулардан қайтыс болу қаупі жоғалады.
Темекіні тастаған соң, жағымсыз әсерлерден алғашқы 3 айда арыласыз, жарты жылдан соң өзіңізді мүлдем темекі шекпеген адамдай сезінесіз.
Күніне жаяу 3 километр жүру немесе 30 минут қозғалыста болу
Орта жастағы дене белсенділігі жоғары адамдарда жүрек-қантамыр ауруларымен ауыру едәуір төмен.Дене жүктемесінің пайдасы болу үшін, жиі жаттығу керек. Ақырындап бастаңыз:

  1. Қоғамдық көлікпен жүрсеңіз, жұмысқа барарда, үйге қайтарда, бірнеше аялдама жетпей автобустан түсіп қалып, ары қарай жаяу барыңыз.
  2. жеңіл көлігіңіз болса, оны барар жеріңізден алысырақ қойып, ары қарай жаяу барыңыз
  3. лифтпен көтерілмей, баспалдақпен шығыңыз.

Алдыңызға мақсат қойып, қозғалысыңызды реттеп отырыңыз. Бастау ешқашан кеш емес, бітіру әрқашан ерте!
Жаныңыз қалайтын қозғалыс тәсілін таңдаңыз: жаяу серуендеу, сауықтыру жаттығулары, күніне 30 минут тез жүру немесе аптасына 2-3 рет 1 сағаттан жүру, жүзу, шаңғы тебу, би т.с.с. Күніне 30 минуттан кем емес қозғалу қажет.
Егер дене белсенділігімен айналыса бастасаңыз, ағзаға бірден жүктеме түсірмей, ақырындап бастаңыз. Тамыр соғысын қадағалаңыз:
Тамыр соғысының жоғары жиілігі = 220 – жасы (жыл) ± 15
Мысалы: 50 жастағы адам
Тамыр соғысының жоғары жиілігі = 220 -50 =170 (+ 15). Қозғалыс кезінде тамыр соғысы 170-тің 60%-ы болу керек: 170х60:100 = 102 (+ 15).
Қозғалыстың әр түрін таңдап алыңыз, әйтпесе, күніне бір нәрсе жасай берсеңіз жалығып кетесіз.Белсенді қозғалыс көңіл-күйді көтереді, салмақты бақылайды, зат алмасуды жақсартады, артериалдық қысымды төмендетеді, қандағы холестерин мен қант деңгейін қалыпқа келтіреді.

  1. 1.өзіңізге ұнайтын қозғалыс түрін таңдаңыз
  2. жүктеме жайлы дәрігермен кеңесіңіз
  3. жүктемені аз түсіріп, бастаңыз, тамыр соғысыңызды бақылаңыз
  4. үнемі, уақытында айналысыңыз
  5. ыңғайлы киім киіңіз
  6. буындарыңыз ауыратын болса, жүзіңіз
  7. жаттығулардан рахаттаныңыз!

Күніне 5 порция жеміс-жидек немесе көкөніс
Жеміс-жидек пен көкөністе дәрумендер мен минералдар көп, дәнді дақылдардан кейінгі талшықтардың көзі болып табылады.
Талшық зат алмасуды жақсартып, қанығуға ықпал етеді. Ол қандағы холестерин деңгейін төмендетіп, жүрекке жайлы әсер етеді. Дәнді дақылдар тағамдары (нан, ботқа) талшыққа бай, жеміс-жидек пен көкөністерде де, әсіресе, бұршақ, кептірілген жемістерде де талшық көп. Талшық саны күніне 25 грамм болу керек.
С дәрумені
Жеміс-жидек пен көкөністе бар, сонымен қатар оларда фолий қышқылы, В тобындағы дәрумендер және Е дәрумендері бар. Бұл дәрумен итмұрын, шырғанақ, қара қарақат, цитрустарда бар.
Калий
Қара өрік, кептірілген жүзім, шабдалы, асқабақ, қырыққабат, картоп, банан, шырғанақта көп.
Магний 
Қызылша, сәбіз, салат, жержаңғақ, ақжелкен, қара қарақатта бар. Кебекті қара нанда және сұлы, қарақұмық, жарма ботқасында бар.
Сүт өнімдері – кальций көзі. Ол қытай, жапырақты, қасқыржем қырыққабаттарында бар.
Мыс саңырауқұлақ пен бұршақта бар.


4) Артериалдық гипертония
Артериалдық қысым с.б 140/90 мм төмен.
Жоғары қысым кесірінен ми, жүрек, бүйрек сияқты өмірлік маңызды мүшелер тамырында атеросклеротикалық өзгерістер дамиды. Жоғары қысым жүрекке қосымша салмақ түсіріп, қан тамырларын зақымдайды. Егер жоғары қысым ұзақ тұрып алса, мүшелерге орны толмас зақым келеді. 
Артериалдық қысымның қалыпты жағдайы. 
Сау адамның артериалдық қысымы – с.б.120/80 мм.
Бірінші сан – систоликалық (жоғарғы) артериалдық қысым  –жүрек жиырылып, артерияға қан айдап шығарған кездегі қысымды көрсетеді, ол жүректің қысқару күшіне байланысты. 
Екінші сан – диастоликалық (төменгі) қысым– жүрек бұлшықеті босаңсыған кездегі қан қысымы. Бұл артериядағы аз қысым, ол тамырлардың перифериялық қарсы тұруын көрсетеді.
Үйде қан қысымын қалай өлшеуге болады

  • -өлшер алдында 5 минуттай тынығып алу,
  • -өлшер алдындағы 30 минутта темекі тартпау, шай, кофе, сусын, арақ ішпеу,
  • -өлшеу кезінде орындықтың арқасына сүйеніп, қолды қозғалтпай үстелдің үстінде ұстау,
  • -сөйлемей отыру керек,
  • -тонометрдің манжетасымен  білекті айналдыра орап, манжетаның төменгі шеті шынтақтан  2-3 см жоғары тұру керек,
  • - аяқты айқастырмай, табанды тіреп отыру керек,
  • -өлшер алдында қуығы бос болу керек
  • -йықты киім қыспай тұру керек, киімнің үстінен өлшеуге болмайды.
  1. бірінші рет екі қолдан да өлшеу керек
  2. бірдей немесе 10 мм-дей артық болса, келесі өлшегенде қолды біраз қысып өлшеу керек, басқа жағдайда – сол қолдан өлшеу керек,
  3. йық өлшемі 33 см-ден жоғары болса, кең манжет қолдану керек, әйтпесе, қан қысымы жоғары санды көрсетуі мүмкін.

Жоғары қысымның қауіп факторлары:

  1. артық салмақ
  2. күйзеліс және эмоционалды күштену
  3. 3.дене жүктемесінің төмендігі
  4. алкогольді шамадан тыс қолдану
  5. темекі шегу
  6. дұрыс тамақтанбау

Артериалды гипертонияны «ақырындап өлтіруші» деп жиі айтады. Өлтіруші-өйткені, ол миокард инфарктына және инсультке, жүрек, бүйрек жетіспеушілігіне әкеп соғады. «Ақырындап» - өйткені, осы сырқатқа шалдыққан адам өзінде осынша патология барын байқамайды. Ауру адамда АҚ көрсеткіші жоғары болса да, ешқандай сыртқы белгілері болмауы мүмкін.
Міндетті түрде тұрғылықты жеріңіз бойынша скринингтік тексеруден өтіңіз.
Егер сізге жүрек-қантамыр аурулары немесе қант диабеті деген диагноз қойылмаса, қауіп факторлары жоқ болса, SCORE жүйелі коронарлық  қауіпті бағалау кестесін қолданыңыз:
Кесте бойынша қауіп категориясының бір түрінен екінші түріне өту мүмкіндігін бақылай аласыз (мысалы: темекіден бас тарту немесе қандай да бір қауіп факторының әсерін төмендету).
Сіздің жасыңыз бен жынысыңызға, темекі шегуге байланысты әдеттеріңізге сәйкес келетін шаршыны тауып алыңыз. Кестеден  систоликалық артериалдық қысым мәнімен бағанды табыңыз (с.б.мм.) және жалпы холестерин (ммоль/л).
Жас өсуіне қарай, кесте бойынша жоғары қозғала отырып, қауіп факторларының өмір бойы әрекетінің нәтижесін көруге болады.

6) Жақсы және нашар холестерин.

Жалпы холестерин 5 ммоль/л-ден төмен.
Холестерин – барлық тірі ағзаның жасушалық мембранасында болатын органикалық бірігу.  80%-дай  холестеринді ағза өзі түзеді (бауырмен, ішекпен, бүйрекпен, бүйрекүсті безбен, жыныстық бездермен), қалған 20% тамақпен түседі. Холестерин жасушалық мембраналардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ол Д дәруменін, кейбір гормондарды түзу үшін қажет.Егер ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне холестерин көп болса, ол тамыр қабырғаларына жиналып, жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін тудырады. 
«жақсы» холестерин 5 ммоль/л-ден төмен болу керек.
Нашар холестерин 3 ммоль/л-ден төмен.
Молекулярлық тығыздығы төмен липопротеидтер немесе нашар холестерин қан мен қан қабырғаларында жиналып, тамыр бітелуіне және миокард инфаркты, инсультке әкеп соғуы мүмкін.
«Нашар холестерин» деңгейін көтеретін факторлар:

  • -темекі шегу
  • -артық салмақ, семіру, тоя тамақ жеу
  • -дене белсенділігінің төмендігі
  • -дұрыс тамақтанбау, холестерині көп, майлы тамақ жеу (оның ішінде, майлы ет, шошқа майы), көмірсуы көп тамақ жеу (әсіресе, тәтті, кондитерлік өнімдер сияқты тез сіңірілетін)
  • -кейбір эндокринді бұзылулар - қант диабеті.

7) Артық салмақ, семіздік

Сізде артық салмақ бар-жоғын Дене Салмағының Индексі (ДСИ) арқылы немесе бел шеңберін өлшеп анықтауға болады. ДСИ = салмақ/кг./бой/м2 немесе кесте бойынша қараңыз.

image

Әйелдерде белдің қалыпты өлшемі - 80см-ге дейін., еркектерде 94 см. егер көлем бұдан үлкен болса, онда жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі туады.

Артық салмақ тамақты шамадан тыс көп жеуге және дене белсенділігінің төмендігіне байланысты. Көп жейміз, аз қозғаламыз (артық тамақ май түрінде ағзада жиналып қалады). Дұрыс тамақтанбау да үлкен рөл атқарады.
Тәрелке ережесі деген бар: тәрелкені ойша үш бөлікке бөліңіз – тәрелкенің жарты бөлігінде көкөніс, төрттен бір бөлігінде картоп, күріш немесе кеспе, қалған төрттен бір бөлігінде жануар тектес ақуыздар (балық, құс немесе майсыз ет)

Соңғы тамақтану ұйықтардан 3 сағат бұрын болу керек.

0 дауыс

Жүрек ауруының алын алу үшін мынадай әрекеттерді орындап жүрсеңіз болады.

Барлық бұлшық еттер, әсіресе жүрек бұлшық еттері қалыпты жұмыс істеу үшін ағзадан су бөлініп шығуына, соған орай ісікті кетіруге ықпал ететін калий тұзы қажет. Калий - жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының алдын алу үшін қолданатын жүрек беріштенуіне қарсы нәрсе. 
Калий шпинат, қияр, картофель, сәбіз, пияз, аскөк, спаржа, хрен, бақбақ, сарымсақ, қара қарақат, чечевица, бұршақ, қырыққабат, грейпфрут, редис, қызанақ, кепкен өрік, жүзім, қара өрік, жаңғақ, бұршақ дақылдары, қара нан, сұлыда бар. Бірақ бәрінен бұрын жаңғақ пен кептірілген жемістер жүрекке пайдалы.
Грек жаңғағы пайдалы, өйткені онда полиқанықпаған майлар, оның ішінде  омега-3 бар. Зерттеу нәтижесі бойынша, 5 гр. грек жаңғағын жегенде өмір 7 жасқа ұзарады екен.Күніне 5граммнан артық жеуге болмайды
Кептірілген жемістер құрамында маңызды микроэлементтер: темір, магний, кальций, калий бар. Бұлар тамыр түйілуінің алып, қан құрамын жақсартады. Кептірілген жемістер пектин мен талшықтарды толық көлемде сақтап, холестеринді төмендетуге септігін тигізеді.
Жаңғақтың ішіндегі ең пайдалысы грек жаңғағы, ал кептірілген жемістердің ішіндегі ең пайдалысы кептірілген өрік. Калий, темір, дәрумендердің көп болғандығынан ол әсіресе жүрек бұлшық еті ауруларының алдын алуға жақсы, сонымен қатар, дене шынықтыру жаттығуларымен айналысқанда түсетін спорттық жүктемені жеңілдетеді.Бір зерттеу көрсеткендей, күніне 8 абрикос жеу стенокардия ұстамасынан сақтайды. Рационда сонымен қатар жүзім, қара өрік, інжір болғаны да артық емес.
Сіз жаңғақ пен кептірілген жемістерді бөлек тағам ретінде де қолдануыңызға болады. Бұл кәмпит, кептірілген картоптарға балама. Бұларды йогуртқа, бюотқаға, тоқаштарға қосуға да болады.
Жүректі нығайту үшін қоспа ретінде де қолдануға болады.
100 гр.грек жаңғағын, 100 гр.кептірілген жүзімді, 100 гр.кептірілген өрікті, 100 гр.қара өрікті, 1 лимон немесе апельсин қабығын еттартқыштан өткізіп, жақсылап араластырыңыз. Күнде таңғы ас алдында 1 ас қасықтан жеп жүріңіз. 
Асыңыз дәмді, жүрегіңіз мықты болсын!

0 дауыс
Интернеттен жүктеп алдан ғой )))

Журек аурулары қан қысымының жоғарылығынан болады.
0 дауыс
сиздерден сурайыншы атам 80 жаста салмагы 90 кг дай сахарный диабетпен ауырган казир 1 жылдай болды сахары 5.8-6 болып жур. Атама журек ауруы деген диагноз койыпты. Казир иши ягни карны мен аягы ісіп бара жатр бул кауіпті ме?
0 дауыс
Журек ауруына кандай дрі колдануга болады
0 дауыс
Неге журек кент озиннен ози катты шангып ауырады
...