Қызық сұрақтар | 898 қаралды
898 қаралды
Кішкентай кезімде тауда ойнап жүріп, үнемі тасбақа баласын тауып алатынмын. Жаңбыр жауатын мезгілде , жаңбыр жаумастан , шөп өспей кететін көктем де болған. Биыл құрғақшылық бола ма қайтеді деп атам у'айымдайтын. Ауылда қайта -қайта құдайы істеп , дұға ететінбіз жаңбыр жаусын деп. Сонда әжем тасбақа тауып , оны төңкеріп қойсаң жаңбыр жауады дейтін. Сосын көп ұзамай жаңбыр жауатын еді. Ал сол жаңбыр ауыл құдайы жасап дұға еткесін жауа ма, әлде мен тасбақаны төңкеріп қойғаннан жауа ма білмедім ?! Сұрақтан ауытқып кеттім шамасы. Бір сұрағыма тасбақа 200-300жыл жасайды деп жауап беріп еді. Оның жасын қалай анықтайды сонда?

3 жауап

Тасбақаның жасын со мамандыққа бейімденген сарапшылар анықтайды. Қалай десеңіз арқасындағы жолақ қыртысы неғұрлым көп болған сайын оның жасы соғұрлым үлкен. Байқасақ көзімізге бұл жолақтар аз секілді көрінеді. Ал арнайы құрылғыларымен қараса өте көп.
Жақсы Жауап
Көркем қыз! Тасбақаны аударғаннан жаңбыр жаумайды. Жаңбыр жауу үшін тиісті климаттық құбылыстыр болуы қажет.

Оның жасын қарапайым адамдар білмейді.Тек шамалап айта алады.Тек мамандар біледі...

Ойпырай я)
118,354 сұрақ
305,191 жауап
153,292 пікір
67,541 қолданушы