Кішкентай кезімде тауда ойнап жүріп, үнемі тасбақа баласын тауып алатынмын. Жаңбыр жауатын мезгілде , жаңбыр жаумастан , шөп өспей кететін көктем де болған. Биыл құрғақшылық бола ма қайтеді деп атам у'айымдайтын. Ауылда қайта -қайта құдайы істеп , дұға ететінбіз жаңбыр жаусын деп. Сонда әжем тасбақа тауып , оны төңкеріп қойсаң жаңбыр жауады дейтін. Сосын көп ұзамай жаңбыр жауатын еді. Ал сол жаңбыр ауыл құдайы жасап дұға еткесін жауа ма, әлде мен тасбақаны төңкеріп қойғаннан жауа ма білмедім ?! Сұрақтан ауытқып кеттім шамасы. Бір сұрағыма тасбақа 200-300жыл жасайды деп жауап беріп еді. Оның жасын қалай анықтайды сонда?