+1 дауыс
16.9k көрілді
Әдеби шығарма дегеніміз не маған  тез  арада керек болып тұр

1 жауап

+1 дауыс
Шығармашылық жазба жұмыстардың мақсаты — логикалық ойлауды дамыту, шығармашылык, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұластыру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алу.

Әдеби шығарманы жаздырудың бірінші міндеті — тақырыпты түсіну. Бұл үшін әуелі жоспар құрып, шығарманың негізгі ойын ұғыну керек. Оқушымен жұмыс белгілі тақырыптың негізгі ойын анықтаудан басталуы керек. Тақырып сұрақ бойынша шығарма идеясын қалыптастыруды үйрете отырып меңгертіледі.

Шығарма жазудың өзіндік біліктері: шығарманың негізгі ойын тану мен тақырыбын түсіну; шығарма жазу үшін материал жинау; жиналған материалды жүйелеу; әр жанрда шығарма жазу, шығарманың жоспарын құру, әдеби-сыни материалмен жұмыс; тілдік категориялар ережесін білу (сауаттылық); шығармада өзіндік көзқарас, ұстаным көрінуі.
...