Өмір, Тіршілік | 294 қаралды
294 қаралды
Ол аурудың бір тұрі ме. Аллапеция дегеніміз не?

1 жауап

ЕР АДАМДАРДА ШАШТЫҢ ТҮСУІ

Андрогенді Алопецияда (АА) ер адамдарда шаштың түсуі

Андрогенді Алопеция – дәрігерлердің сөзі, қазақша бұл шаштың түсуі, ерлердің жыныс гормонымен байланысты, тұқым қуалайды. АА – ауру емес, 50% жуық ер адамдарды қамтитын жағдай.  АА тән ерекшелік шаштың шаблон бойынша жоғалуы  болып табылады. Бұл гормондардың талдауынсыз емделушінің сыртқы келбеті бойынша диагноз қоюға мүмкіндік береді! АА шаблон бойынша шаш түсуінің  жалғыз түрі, барлық басқа түрлері басты біркелкі қамтиды, немесе ошақталған. Себебі  бастың алдыңғы, жоғарғы және төбе аумағында орналасқан шаш баданаларына гормонның өтуінің бұзылуы. Журналистер айтқандай, шаштың түсе бастауы мықты еркектердегі тестостеронның жоғарылауы емес, қақпа-рецепторлар санының тұқым қуалаған жоғарылауы, олар арқылы гормон шаш баданаларының жасушаларына өтеді. Дигидротестостерон (ДГТ) деп аталатын бұл гормон  тек шаш баданаларында және 5 альфа-редуктаза 2 ферментінің көмегімен белгілі Тестостероннан (Т) қуық асты безінде «өндіріледі». ДГТ Т-дан 40 есе «күштірек», басымыздағы баданаларымызға қалыпты өсуі мен дамуы үшін осы күштің иесі керек.

Әдетте баданалар ішіндегі осы гормонның жоғары мөлшерінен, олардың өсу циклі бұзылады. Олар біртіндеп неғұрлым жіңішке шаштар өсіре отырып, азаяды және ақырында өсуін тоқтатып, тыртық тінмен алмасады. Жоқ, олар «тері астында ұйқыға кетпейді»! Және оларды  халық емімен оятуға болмайды!

Бүгінгі күні гендерге артық қақпа-рецепторларды өндіруді тоқтатуға бұйрық бере алмаймыз, бірақ медицинада ДГТ санын қалай азайтуға болатыны белгілі және осы рецепторлардың жоғары мөлшерінің өзінде зақымданған баданаларда ДГТ гормонының деңгейі қалыпты болады  және олардың жоғалмай өсуіне және дамуына мүмкіндік береді. Әртүрлі кезеңдерде 5 альфа-редуктаза 2  ферментін бөгейтін және Т-ның  ДГТ-ге ауысуын азайтатын екі дәрі белгілі.

Олар Финастарид және Миноксидил деп аталады және АА емдеу үшін сәйкесінше 1997 және 1988 жылдары FDA-мен мақұлданды. Осы дәрілердің ұзақ жылдар сатылымда болуы және олардың «жаңа» дәрілік бәсекелестерінің болмауы, әрбір 2-3 айда жаңа сиқырлы дәрі пайда болып жоғалатын нарықта олардың қаупі мен артықшылығының жақсы теңгерімін  білдіреді. Түйіндей келе — медицина шаштың түсуін тоқтата алады, ал түсіп қалған шашты қайтеміз? Тіпті асқынып кеткен шаштың түсуімен еркектердің басының екі жағы мен желкесінде  сау шаш баданалары өмір бойы сақталады.

Иә, осы баданалар  сондай генетикалық код иеленген, басқалай болуы мүмкін емес, бірақ олар  өсуіне қажетті мөлшерде  ДГТ-ны өткізеді және өмірінің ақырына дейін шашты  өсіреді. Бұл феноменді  әзірше ғылыми тұрғыдан түсіндіру мүмкін емес, бірақ бірнеше онжылдықтар бойы іс жүзінде оң нәтиже беріп келеді. Зақымданған баданалардың орнына ауыстырып салынған сау баданалар өмірінің ақырына дейін өседі. 1820 жылы неміс хирургы Диффенбахпен басталып, ұмытылған және 1939 жылы жапон дерматологы Окудамен жалғастырылып, ұмытылған және 1959 американдық дерматолог Ориентихпен жалғастырылған шаш баданаларын бастың желке тұсынан ауыстырып салу осы феноменге негізделген, қазіргі кезге дейін жоғалтқан шашты қалпына келтірудің жалғыз әдісі болып табылады!

Түйіндей келе — хирургтар зақымданғандардың орнына жақсы баданаларды ауыстырып салуды үйренді. Ендігі мәселе, сау баданалар жетеді ме? Бұл енді хирургтың шеберлігі мен біліктілігіне байланысты!
Жақсы Жауап

Ұқсас сұрақтар

2 жауап
1 жауап
2 жауап
Белгісіз Жалпы сұрақ 24.06.2014 сұрақ қойды | 361 қаралды
118,121 сұрақ
304,609 жауап
153,303 пікір
66,742 қолданушы