+4 дауыс
17.4k көрілді
Тәте сөзі сіз тұратын аймақта қандай ұғым береді?Мәселен:Біздің Батыс аймақта Маңғыстауда кейбіреулер әкесіне тәте дейді,біреулер ағасына айтады!Ал Ақтөбе жақтарда әйел адамға айтады!

19 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Тәте - сөзі оңтүстік өңірлерде ер адамдарға қарата айтылады, негізінен өзінен жасы үлкен ағаларын құрметтеу ретінде солай атайды. Мен өзім әкемді "ТӘТЕ"-деп атайтын едім. Ал енді мына Алматы, Жетісу өңірлерінде ол атау қыз балаларына, жасы үлкен әкпе,апаларына қарата айтылады екен. Неге екенінің себебін білмедім, жалпы Қазақстанның өзге өңірлерінде басым көпшілігі бұл атауды ер адамдарға қолданатын тәрізді.

+1 дауыс
Менің группамда бір қыз әкесін тәте деп айтады екен. Ауылда да солай ,әкелерін тәте деп атайтындар көп. Ағаларын тәте деп атайды көбінше.
+1 дауыс
Ал біз сестраны тәте дейміз                             .
Әкпелеріңізді шығар...
иа тусиникти болсын деп жаза салганымгой)
+1 дауыс
Мен Моңғолия қазағымын. Біздің жақта да "тәте" деп, үлкен орта жастағы апайларға айтады. Солтүстік Қазақстан қалаларында көп болдым, бұл жақта да осылай, Алматыда тұрғанда, ол жақта да солай біз жақтағы ұғыммен сәйкес екен. Ал, Оңтүстіктегі басқа қалаларда ағаларын "тәте" дейтінін кейін білдім.
ия Солтустикте апкени тате дейди
0 дауыс
ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АҒАЛАРЫН АЙТАДЫ
+2 дауыс
Тәте сөзі орыстың тетя деген сөзінен шыққан. Біз жақта тәте сөзі әпке деген ұғым білдіреді.
0 дауыс
мен Жетису ониринде турам, айткандай-ак биз жакта апкелерин, жасы улкен айел адамдарын тате дейди. ал баска жактарда агаларын тате дейтинин естигенде катты танкалдым. менимше ер адамга тате деу бир турли,) меним ойым) ал Онтустикке апкелерин тате деу кызык шгар) ар жактын угымы, салты болек,,,
+2 дауыс

Батыс жақтада  тәте сөзі әкесіне немесе үлкен ағаларына қарата айтылады.

0 дауыс
Mangystauda ulken agalaryn akelerin tate deidi.ol ewtene emes ontustik jaktarda uidi tam dep aitady eken ol durys emes siakty.bizder tam dep molany aulielerdi aitamyzgo
ия кейде там депте айтамыз
бизде де моланы там дейди
+1 дауыс
Қызылорда облысында "тәте" деген сөз бен "көке" деген сөздердің мағналары бірдей. Сонымен, қатар әпкелерді де "тәте" немесе "апа" дейтіндер бар.
Жаңақорған жаққа қарай "әпше" болып кетеді ))
+1 дауыс

Алматы облысында "тәте" деп орта жастағы (және одан ары қарай)  әйел адамдарды айтады.

Үшарал Алматы облысында екен..
0 дауыс
Қазақ халқы осыдан елу жыл бұрын барлық облыста «тәте» сөзін тек еркектерге қаратып айтқан. Өзіміздің түркі тілімізде «дәдә» – «үлкен аға» деген сөзді «тәтеге» айналдырып алғанбыз. Грузиндер аталарын «мама» дейді. Біз де «үлкен ағаны»- «әйелге» айналдырдық. Бір күндері анамызға «көке» немесе «әке» дейтін шығармыз.
0 дауыс
Ақтөбе жақтарда "тəте" деген сөзді ер адамға қолданады. Əйел адамға айтпайды. Ал, біздің солтүстікте "тəте"-ні тек əйел адамға айтамыз.
+1 дауыс
Алматы облысында "тәте" деп жасы 35+ әйел адамдарды айтады)
0 дауыс
Тәте сөзі ешқандайда тетя сөзінен шыққан жоқ!Ол ксро кезінде сөйтіп көп сөздер мәні өзгерді, не мәнінен айырылды.Ер адамдарға қарата айтылатын Тәте сөзі ертеден қазақта болған.Көп пропаганда жүріп жатыр Жетісу диалектінің.Тіпті оралмандардың өзі өзге елде тұрғанымен тәте сөзін ерлерге айтады.Әпке,әпше сөздері тіпті болмаған сөздер,өзбектерден келген сөздер.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
13 жауап
Белгісіз 7.07.2014 Қызық сұрақтар сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
–1 дауыс
1 жауап
...