0 дауыс
21.2k көрілді
Аналардың тілегі әннің сөзі керек еді срочно билсениздер лактырып жиберизши рахмет

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
АНАЛАРДЫҢ ТІЛЕГІ.

Аналардың тілегі, тыңдайықшы жүрегін,
Жаса жайна аналар, жырға қосып жүремін.
Болашаққа бастаған, ана деген асқақ ән,
Тебірентіп жүректі жыр етеді жас қалам.

Қайырмасы:

Алыста жүріп сағынам,
Өзіңе мәңгі табынам.
Бас иіп өтем анаға
Ақ жаулығын жамылған.

Қуат күшің талмасын, бақыт гүлі солмасын,
Асқарына арманның, ұрпақтарың самғасын.
Талай топтан іздеген, ана көрдім жүздеген,
Сағынышын жеткізген, жаны жақын қыз деген.

Қайырмасы:

Алыста жүріп сағынам,
Өзіңе мәңгі табынам.
Бас иіп өтем анаға
Ақ жаулығын жамылған.
АНАЛАРДЫҢ ТІЛЕГІ.
Белгісіз
Ой коп коп рахмет алла нуры жаусын
Игілігіңізге пайдаланыңыз!
Белгісіз
0 дауыс
Бұл әнді кім орындайды?
...