Бұл ән әскерге кетіп бара жатқан жігіттер айтуға арналған. Көбінесе жігіттер отырыстарында гитараның сүйемелдеуімен айтылады. Көп ел сөзін біледі, бірақ авторы белгісіз. Бірақ әсері өте күшті.
Өкінішке орай арнайы бекітілген нұсқасы жоқ. Ауызша тарағандықтан әр жерде әртүрлі айтылады. Ең көп тараған нұсқасы мынау:
1.Кетіп барам мен бүгін ауылымнан,
Алыс жаққа досымнан, бауырымнан.
Жан анашым, анашым, жыламашы,
Есен-аман оралар екен балаң?
Ана жаным,
Бұның не балаша жылағаның?
Бір жылың бір айдай тез-ақ өтер,
Содан соң өзіңе ораламын,
Достарым-ай!
Бізді енді әрдайым еске алыңдар!
Біз үшін тойларда тост көтеріп,
Біз үшін би билеп, ән салыңдар!
2.Міне бүгін пойыз да жүргелі тұр,
Алдымызда армия күндері тұр.
Жан анашым, анашым, жыламашы,
Есен-аман оралар екен балаң?
Ана жаным,
Бұның не балаша жылағаның?
Бір жылың бір айдай тез-ақ өтер,
Содан соң өзіңе ораламын,
Достарым-ай!
Бізді енді әрдайым еске алыңдар!
Біз үшін тойларда тост көтеріп,
Біз үшін би билеп, ән салыңдар!