+1 дауыс
13.3k көрілді
Йод жетіспегенде не жеуге болады және қан азайғанда?Пайдалы кеңестер

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Йод тапшылығы байқалған жағдайда "Антиструмин", "Йодомарин" препараттарының бірін ішкен дұрыс. Тағамдардан балық, теңіз балдарлары, шампиньон саңырауқұлағы өте пайдалы.
raxmet oci aitkan kenesterinizdi paidalanup kopem
+1 дауыс
Қан азайғанда майсыз ет, балық, алма, қара смородина пайдалы. Етті асып қана жеген дұрыс, қуырылған ет организмге зиянды. "Ранферон" дәрісі қаназдыққа (анемия) қарсы қолданылады.
+1 дауыс

Жаңғақ, грек жаңғағы өте пайдалы.

0 дауыс

Дәрігерге(гемотолог,эндокринолог маманына) барып,кеңес алып, барлық анализдерді тапсырыңыз! Көкөністер ішінде қызылша, шпинат, қызанақ, сәбіз, картоп, орамжапырақ, пияз, бұршақ, сарымсақ, ал жеміс-жидектер ішінде құрма, алма, жүзім, шие,  ал жармалар ішінде қара құмық және тары құрамында да йод мол. "Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол іздеңіз"!!! Ауырмаңыз!!!

+2 дауыс

Құрма жеген дұрыс дейді иод жетіспесе.

0 дауыс

ағзада иод жетіспеушілігі байқалған жағдайда бірінші дәрігерлік көмекке жүгінген жөн. дәрігер білікті болса толық тексеріп пайдалы препараттарды ұсынады. көптеген дәрілер біржерге пайдалы болса екінші жерге зияны болуы мүмкін (әсіресе халық емі) . медициналык мекемелер бекіткен шөптесін дәрілерді қолдану дурыс болар, ал оған мүмкіндігіңіз болмаса күнделікті ас мәзіріңізге сүзбені қоса пайдаланыңыз. бұл жоғарыда аталған ем-домнан кем емес, сүзбе иодқа өте бай тағам екені дәлелденген.

егер иод тапшылығын байқасаңыз уақыт жоғалтпай тез емге көшіңіз, өз-өзіңізді емдеуден аулақ болыңыз. иод тапшылығы "қалқанша бездің" жұмысын төмендетіп, нәтижесінде "ЗОБ" ауруын тудыруы мүмкін.

...