0 дауыс
5.9k көрілді
Баламның мұрыны жиі қанап жүр,қан аздықтанда болама, гемоглабині  105 болған. Лорға барғанымызда мұрнының ішін қолмен тазаламасын май жағындар деді. бірақ ол себеп емес сияқты осыған жауап беріңіздерші.

1 жауап

0 дауыс
Дәрігерлердің айтуынша, мұрынның жиі қанауына негізінен, мұрын қуысының жаралануы және гипертония, жүрек ақауы, өкпе эмфиземасы, бауырдың зақымдануы сияқты тамыр аурулары себеп.

Физиотерапевтер бұл жағдайды сипатына қарай болмашы қанау, қалыпты қанау және ауыр қанау деп үшке бөледі. Алғашқысы, мұрын қуысынан тамшылап қана қан бөлінуі, мұның айтарлықтай қаупі жоқ, дегенмен ол – созылмалы аурудың бастапқы белгісі болуы ғажап емес. Қалыпты қан ағу деп дәрігерлер бір мезгілде мұрыннан 200 мл-ге дейін қызыл сұйықтық бөлінуін айтады. Мұндай жағдайда қан адамның өңешіне құйылуы да мүмкін. Кішкентай балалардың мұрын қаны асқазанына кеткен кезде, құсып, іші өтіп, артериялық қысымы төмендейді. Үшінші жағдай – мұрыннан 1 литрге дейін қан кетуі. Бұлардың барлығының да себебі қан тамырлары жүйесіндегі ақаудан болуы ықтимал. Сондықтан дер кезінде дәрігерге көрінген абзал. Мамандар қан кеткен кезде 15-20 минут мұрынды дымқыл мақтамен немесе дәкемен көлегейлеуге кеңес береді.
рақмет жауабыңызға
...