+1 дауыс
8.3k көрілді

Тестте келген, 4129 нұсқа, математиканың соңғы сұрағы.

Алдар көсе бір байдың үйіне жұмысқа жалданады. Бір жылдық жұмыс істегені үшін 1 жылқы және 100 000 теңге алуы керек болатын, бірақ ол 7 айдан кейін жұмыс істегісі келмей, жұмыстан кетті. Өзімен 1 жылқы және 20 000 теңге алып кетеді. 1 жылқының құны қанша?

Жауаптары: 100 000, 20 000, 80 000, 92 000, 70 000.

P.S. Бұл жерде еш қатесіз айнытпай жазылған, егер сұрақ кітапшасынан қате кетпесе. "Және" деген сөзді "немесе" деген сөзбен шатастырғансың" деген сияқты кінә қоймассыздар. Шығарылу жолы қажет. "Осылай ма?" деп сұрамай-ақ қойыңыздар, жауабын білмеймін.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жауабы: 92 000.

1) 12-7=5 (бір жылда 12 ай және жұмыс істеген мерзімі 7 ай)

2)100 000-20 000=80 000 (1 жылқы 20 000 алды,қалғаны жұмыс істемеген 5 айға төленуі тиіс болатын)

3) Пропорция құрамыз:

5х=7*80 000

4) х-ті табамыз: (7*80 000)/5=112 000

5) 112 000-20 000= 92 000
сіздің жауабыңыз дұрыс болу керек)  Мына жүйемен шығырымыз:
x + 100 000 = 12 * z
x + 20 000 = 7 * z
+1 дауыс
Жауабы: 80 000. Себебі: 7 айдан соң жұмыстан кеткенде атпенен 20 мың алады. Ал бір жылдық ақысы 1 атпен 100 мың. 7 айдың ар жағында 12 айға толу үшін 5 ай бар. Ал 5 айдың ақысын есептесек 100 мың - 20 мың = 80 мың. 5 айға 80 мың алатын болса 7 айдағы ақысының ішінде аттың құны 80 мың. Оны 7 айдың 5 айына алады да қалған 2 айына 20 мың алады. Сондықтан 80 мың жауабы. Нақты жауап осы!
Ақжол, сенің есебің қате секілді. Ойланып қара! Теңіздік құрып шығарсаң жауабы осындай болмайды...
Теңсіздік құрғаным жоқ. Ауызша, ойша шығардым.
+1 дауыс
1 жыл- 12 ай 12 ай- 1 жылқы 100 000 7 ай - 1 жылқы 20 000 5 ай- 80 000 5 ай + 5 ай= 10 ай ( 80 000+80 000= 160 000) (160 000 - 100 000 = 60 000 (жылқының құны)) 10 айдағы жылқының құнын таптық енді қалған 2 айды табамыз. Ол үшін пропорция құрамыз. 5ай ----- 80 000 2ай ------ × Сонда 2 ай - 32 000 болады. Соңында 60 000 мен 32 000ды қосамыз сонда жауабы 92 000 тг жылқының құны.
...