+10 дауыс
3.5k көрілді
Зеректілігіңізді тексеріп көрелік… Сұрақтарды оқып шығып, дереу жауап беруге тырысыңыз. Көп ойлануды қажет етпейді, фишкасы да сонда жатыр. Сосын өз-өзіңізді алдауға тырыспаңыз

1. Жарысқа қатысып жатып, сіз екінші болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз?

Жауап: Егер бірінші орындамын деп жауап берсеңіз – дұрыс емес. Өйткені сіз екінші жүйрікті басып оздыңыз, яғни соның орнына келдіңіз. Сәйкесінше қазір екінші орындасыз.

Ал екінші сұраққа мұқият болыңыз.

2. Сіз ең соңғы болып келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Енді қай орындасыз?

Жауап: Егер соңғысының алдындамын (предпоследний) десеңіз, сіз тағы қателескеніңіз. Ойланып қараңызшы. Ең соңғы болып келе жатқан жүйрікті қалай басып озуға болады? Егер сіз оның артынан жүгіріп келе жатсаңыз, онда ол соңғы болмағаны ғой. Яғни, жауап бұл мүмкін емес.

Үшінші сұрақ. Ештемені жазбаңыз және калькулятор қолданбаңыз. Және сіз тез жауап беру керек екеніңізді ұмытпаңыз. 1000 санын алып, оған 40-ты қосыңыз. Тағы да 1000 қосыңыз. 30 санын қосыңыз. Тағы да 1000 қосыңыз. Қосу 20. Қосу 1000. Және қосу 10. Қандай сан шықты?

Жауап: 5000? Тағы да дұрыс емес. Дұрыс жауап 4100. Калькуляторда есептеп көріңіз.

Сонымен тағы да бір сұрақ. Мүмкін осы жолы жолыңыз болар? Мэридің әкесінің бес қызы бар: 1. Чача 2. Чече 3. Чичи 4. Чочо. Сұрақ: Бесінші қызының аты кім? Тезірек ойланып, жауап беруге тырысыңыз.

Жауап: Чучу дейсіз бе? :Әрине, жоқ. Оның аты Мэри. Тағы да сұрақты қайталап оқып шығыңыз. Қалай миыңыз қатып кеткен жоқ па? Қаншалықты зерек екенсіз? Қайсына мүдірмей жауап бердіңіз?

12 жауап

0 дауыс
Керемет екен, барлығына қате жауап бердім)))
0 дауыс
3 пен 4-ші сұрақта қателескен жоқпын. Алғашқы екеуі жақсы сұрақ екен.
0 дауыс
Сұрағыңыз өзiңiз сияқты әдемi екен... image
0 дауыс
менің жауаптарым дұрыс болып шыкты

керемет
0 дауыс
3 - сұрақ дұрыс
0 дауыс
ешқайсына дұрыс жауап бермедім
0 дауыс
3 сұрақ тема екен
0 дауыс
тагы да осындай есептер керек болып тұр. тауып бере аласыз ба?
0 дауыс
3 кана кате менде калгандары дурыс
0 дауыс
4 сураққа жауап бере алмай қалдым ал үшінші сұрақтағы есеп қызықты екен.
0 дауыс
Мен барине жауап бердим бирак тез емес арине бир 5 сек, 2 ши есеп негизи 1 орында ойткени бирде келе жатып артынгыны озуга болады гой ))
0 дауыс
Осы Индира керемет қыз едi, көрiнбей кеттi. Тұрмысқа шығып кеттi-ау деймiн.
...