Тестте келген, 4129 нұсқа, математиканың соңғы сұрағы.
Алдар көсе бір байдың үйіне жұмысқа жалданады. Бір жылдық жұмыс істегені үшін 1 жылқы және 100 000 теңге алуы керек болатын, бірақ ол 7 айдан кейін жұмыс істегісі келмей, жұмыстан кетті. Өзімен 1 жылқы және 20 000 теңге алып кетеді. 1 жылқының құны қанша?
Жауаптары: 100 000, 20 000, 80 000, 92 000, 70 000.
P.S. Бұл жерде еш қатесіз айнытпай жазылған, егер сұрақ кітапшасынан қате кетпесе. "Және" деген сөзді "немесе" деген сөзбен шатастырғансың" деген сияқты кінә қоймассыздар. Шығарылу жолы қажет. "Осылай ма?" деп сұрамай-ақ қойыңыздар, жауабын білмеймін.