+3 дауыс
5.7k көрілді
Әртүрлі мінезді бала болады,алайда оларды тәрбиелеуде олар шектен тыс айтқанды тыңдамай кетіп отырады.Шыдамның шегіне жеткенінде қатты ашумен кейде сабыр сақтап түсіндіресін,ал кейде ашуға булығып қатты дауыс көтеріп немесе ұрып жіберу деп мүмкін,ия,ұрысу да ұру да дұрыс емес екені белгілі,алайда мен баламды түртіп жібергеннің өзін де өзім нашар адам секілді болып кетем,ал сіздер қандай амал-әдіс қолданасыздар,мүмкін араларыңызда мұғалім не ата-аналық түсініп қарап,жақсы жолын айтарсыздар.

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Біріншіден, менің балам жоқ. Бірақ, мынадай үш модель маған белгілі.

1. Қатты ұстау. Жақсы жағы: адамның қалауындағы әрекетті орындайды бала. Тез бағынышты, жасық болуы мүмкін.

Жақсы емес жағы: еркін болмайды. Өз бойындағы көп жақсы қасиет сол күйі ішінде қалып кетуі мүмкін. Ұяң, болмайтын жерде өзін ұстап қалуы мүмкін. Мазохист. Өзін ұрып, ұрсып жерден алып жерге салмайынша, әрекет етпей жүре береді.

2. Еркін ұстау. Жақсы жағы: баланың өзіне еркін болғаны жақсы ғой. Комплекстік қасиеті аз болады.

Жаман жағы: басқа адамдардың көзқараы мен мораліне түкіргені бар болуы мүмкін.

3. Дисциплина. Бұл жерде басты рөл, тәрбиешінің сауаттылық пен білімділігі немесе көрегенділігіне байланысты. Әділдігі маңызды. Баланы себепсіз ұрмайды, себепсіз мәпелемейді. Барлығы тек нәтижеге байланысты.

Графикада, жалпы өмірде RGB деп аталатын түстік жүйе бар. Red+Green+Blue деп аталатын бар жоғы үш түстен, барлық түсті құрастырып, бірнеше жүз мың түс құрауға болады. Сол сияқты, бұл үш пункт те араласып, қайсысы басым, сол түс жеңеді деген нәтижені теориялық тұрғыдан күтуге болатын сияқты.

Балаға жеке тұлға ретінде қарап, жеке басының жетістікке талпыну деректеріне назар аудару. 

Баланың әр жас кезіндегі салмағы, физикалық, денсаулық деңгейі, интеллектуалдық деңгейі, білімі және т.б. бойынша қадағалау.

 

P.S.: адам деген қызық жаратылыс қой. Басында, бала болып әке-шешесіне бағынышты болады. Осы кезде, әке-шешесі балаларына әділ түрде белгілі бір нәтижелерге жету мақсатымен қадағалап, қамқорлықпен тәрбиелеп өсірсе, ол ата-ана қартауғанда өзіне де солай жақсы қарайтын фундамент қалыптастырды деген сөз шығар, бәлкім.

1-ші моделде жасық болу, бағынышты болу, адамның қалауындағы әрекетті орындау  жақсы қасиеттер емес.  Бұнда жақсы қаситтер жоқ десе де болады.
+2 дауыс
менің түсінігімде - баланы ұруға болады. Бірақ та - ұрудың да дәрежесі бар ғой. Өлесі қылып немесе майып қылғанша ұрмайсың ғой. "Ұруға болмайды, еврейлер баласына ұрысқанда аймалап ұрысады екен", т.с.с. "өйтеді екен, бүйтеді екен" деген сөздерге мен қосыла бермеймін. "Әкенің тәрбиесі" деген бар, "шешенің тәрбиесі" деген бар. Ол тәрбиелерде ұру, ұрысудың дәрежелері де бар. Бірақ шектен шығуға болмайды әрине. Менің осы өмірде жақын достарым бар - кезінде ерке немесе бұзақы болып, соңында жолы болмаған, (енді Алла (т.ғ.) білер, солай олардың пешенесіне жазған шығар) сотталып келген, жанұяда берекесі болмай 4-5 реттен әйел алып деген сияқты, сол достарым айтады -  "бізді әкеміз қой деп сол кезде ұрып қойдырғанда -қояр ма едік " дейді.Ал кейбірі - "әттең әкем тірі болғанда ғой ұрып соғып қойдырар ма еді" дейді. Шариғатта да бар - балаң намаз оқымаса 2-3 рет дұрыстап түсіндіріп айт, болмаса қамшымен аздап қана саба" - деген сөздер бар. Яғни бал тәрбиесі үшін ұру немесе ұрсу Аллахтың (т.ғ.) адамға берген амал-жолдары. Қате айтсам - Аллах (т.ғ.) кешірсін.
0 дауыс
Қатал қарау керек деп ойлаймын қатал болмасақ ертені жаман болады әр жаман нәрселерге әуес болады қатты қарау қажет негізінде! Мынадай мақал ма бар емес пе: ҚАТАҢ ТӘРТІП КӨРСЕ БАЛА КҮНІНЕ ӨНІРЕМЕН ҚУАНТАДЫ ТҮБІНДЕ! Дұрыспа еді осылай ма?Дұрыс болмаса айтыныз!
Балаға тым қатал қарап, балалық шағынан айырудың қажеті жоқ! Себебі, балаға көп ұрсамын немесе ұрамын (жалпы қатал боламын) деп баланы басып тастауыңыз мүмкін. Кейін бала басқа адамдармен қарым-қатынасқа түскенде қиналуы мүмкін, яғни өз ойын ашық айта алмау сияқты...Сонымен қатар бала қорқақ болып өседі және адамдарға деген жек көрушілік қасиет пайда болуы мүмкін...*
+1 дауыс
Сізге пайдасы тие ме, тимей ме, білмеймін, бірақ өзімнің басымнан өткенді айтқым келіп отыр. Біз үйде 3 баламыз: 2 ағам және мен. Анам ұстаз болған адам әрі бала кезінен бері қиыншылықты көп көрген. Сол себепті, әлде өзінің жаратылысы сондай ма, әйтеуір, анам балаға өте жұмсақ емес. Мен үйде жалғыз қыз бала болсам да, қатты еркелетпейтін (кішкентай кезімде). Қатаң болды. Біз үйде кәдімгідей белгілі бір заңдылыққа бағынып жүретінбіз. Үйге кіргенде (тек өз үйімізде ғана емес, қонаққа барғанда да) міндетті түрде аяқ киіміңді жинап, сыртқы киіміңді іліп қоясың. Үшеуіміздің ойыншықтарымыз жеке-жеке жәшіктерде болды. Солармен ойнап болғаннан кейін қайтадан жинап, өз орнына қоясың. Үйдің кез-келген жерінде (мысалы:залда) тамақ, кампит т.б. жеуге болмайды. Жеп-ішетініңді тек кухняда ішуің керек. Үйді шашсаң, өзің жинайсың. Сабағыңды күндіз орындап, кешке тексертесің (анам жұмыстан келген кезде). Қонаққа барғанда қозғалмай, ешкімнің мазасын алмай, бір орында ғана отырасың. Үйге қонақ келгенде де солай, өз бөлмемізде тыныш қана ойнап отыратынбыз. Тағы сол сияқты қатаң тәртіптер болған. Сіздерге бұл әрбір үйде орындалатын қарапайым жайттай болып көрінер. Бірақ біз бұл тәртіптердің бәрін кішкентай кезімізден бастап орындап, осы тәртіппен өстік. Қазір де солаймыз. Шүкір, бұдан жаман болған жоқпыз. Айтпақшы, анамның дауыс көтеріп, ұруы өте сирек болатын.
...