0 дауыс
681 көрілді

2 жауап

+3 дауыс
Інілеріңді ұрмай соқпай қарағаның өте дұрыс. Кішкентайынан таяқ жеген бала шын өмірде жігерсіз болып қалуы мүмкін, момын болып, яки сорлы біреу болып шығуы мүмкін. Әрине, ол айналасындағы көрегенді адамдарға байланысты деп ойлаймын. Десе де, ұрмаған дұрыс. Ол оның өміріне бір кедергінің себебі болуы мүмкін.
Сөзді тыңдату үшін, басында жәймен алдап істету керек. (Алдап тұрғаныңды білдіртпеуге тырысып) Ұрсып істету уақытша дүние, іштей ашуланып жүретін болады. Кейін өскен соң, ашуын сыртқа шығара бастайды, кейін тіпті қарсы шығуы да мүмкін. Тыңдамай қойса, қолдан келер шара болмай қалады, әрі қарай қатынас суып кетеді көп адамдардың арасында.

Адамды тыңдатуды мынадай бір жақсы тәсілі бар: алдымен одан "иә" сөзін немесе бір құптау сөзін естіп алу керек. Содан соң талап қою біршама нәтижелі болады. Мына бір жағдай:
Адам көркі шүберек демекші, біреудің жейдесінің бір жері жыртық екен делік. Оған барып: кемсітіп, тәкәппарлана ескертсе, ол адам намыстанып сенің не жұмысың бар деп ашулануы мүмкін. Сосын оған мән бермей, үнемі осылай ескерту ести берген соң ол адамда психологиялық құлдырау, өзін өзі төмен бағалайтын сезімдер пайда бола бастайды. Ақыры, бір адамдық кейпі бар, жігерсіз біреу шығуы мүмкін.
Оған былай айтсаңыз ше: Адам көркі шүберек қой. (іштей келіседі ол), Сізге/саған ескерту жасайтындай сенің не шаруам бар (іштей яки сырттай құптайды), бірақ мына жердегі жыртылған жер менің көзіме ілініп қала береді. Ренжіп көңілге алмағын, көңілге алатындай да дүние емес қой. (Ол адам іштей өзі қызарып кетеді, өз кемшілігін өзі түсінеді сіз айтпай-ақ). Жалпы, адам өз кемшілігін өзі түсінуіне мүмкіндік берген дұрыс, өзіңіз бетке былш еткізіп көзге сүйкімсіз көрінгеннен гөрі.
Сосын, адамға ескерту жасағанда, оның жеке басына ешқашан тиіспеген дұрыс. Сіздікі дұрыс болып тұрса да, жеке басына бағытталған сөзге намыстанып, ескертуді кемсіту деп қабылдайды көпшілігі. Тек болған оқиғаға ғана тоқталып, оны түзетуіне мүмкін беру керек.
+3 дауыс
Үйдегі балақайға осылай ескерту жасаймын:
-Анау жатқан нәки сенікі ме? (Оныкі екенін біліп тұрсам да)
-Иә
-Өз нәкиіңді жинап ала ғой
*
Тамақты соңына дейін іш, бойың өседі. (Кішкентай бала ғой, үлкен болып өсуді армайндайтын шығар)
*
Мынаны соңына дейін ішпей қалдырып кетсең, өстіп қызың қалдырып кетеді. Сондықтан соңына дейін ішіп ала ғой (Өзіміз де сондай кездері қыздаға ғаЧық болу деген балалық сезімдер болған ед)))
*
Мына шашқан орныңды жинамасаң, ТВ қосуға рұқсат жоқ. Шашып тастап, жайбарақат ТВ көру дұрыс па?
*

т.с.с...

Асықты асық деме, салмағы болса - сақа болар,
Баланы бала деме, ақылы болса - аға болар.



Өз басым күштеп тәрбие беруге қарсымын. Оның ата-анасы емеспін. Алла Тағала адамға ақылды бірден басына құя салмаса да, адамға ақылды болуға мүмкіндік берген. Сондықтан, ақырын кейбір әрекеттермен ол адамға қолдау көрсетуге немесе ақырын әсер етуге ғана құқым бар деп ойлаймын.

Анда-санда ұрсып қоятынымды мойындап қояйын)))
...