Біріншіден, менің балам жоқ. Бірақ, мынадай үш модель маған белгілі.
1. Қатты ұстау. Жақсы жағы: адамның қалауындағы әрекетті орындайды бала. Тез бағынышты, жасық болуы мүмкін.
Жақсы емес жағы: еркін болмайды. Өз бойындағы көп жақсы қасиет сол күйі ішінде қалып кетуі мүмкін. Ұяң, болмайтын жерде өзін ұстап қалуы мүмкін. Мазохист. Өзін ұрып, ұрсып жерден алып жерге салмайынша, әрекет етпей жүре береді.
2. Еркін ұстау. Жақсы жағы: баланың өзіне еркін болғаны жақсы ғой. Комплекстік қасиеті аз болады.
Жаман жағы: басқа адамдардың көзқараы мен мораліне түкіргені бар болуы мүмкін.
3. Дисциплина. Бұл жерде басты рөл, тәрбиешінің сауаттылық пен білімділігі немесе көрегенділігіне байланысты. Әділдігі маңызды. Баланы себепсіз ұрмайды, себепсіз мәпелемейді. Барлығы тек нәтижеге байланысты.
Графикада, жалпы өмірде RGB деп аталатын түстік жүйе бар. Red+Green+Blue деп аталатын бар жоғы үш түстен, барлық түсті құрастырып, бірнеше жүз мың түс құрауға болады. Сол сияқты, бұл үш пункт те араласып, қайсысы басым, сол түс жеңеді деген нәтижені теориялық тұрғыдан күтуге болатын сияқты.
Балаға жеке тұлға ретінде қарап, жеке басының жетістікке талпыну деректеріне назар аудару.
Баланың әр жас кезіндегі салмағы, физикалық, денсаулық деңгейі, интеллектуалдық деңгейі, білімі және т.б. бойынша қадағалау.
P.S.: адам деген қызық жаратылыс қой. Басында, бала болып әке-шешесіне бағынышты болады. Осы кезде, әке-шешесі балаларына әділ түрде белгілі бір нәтижелерге жету мақсатымен қадағалап, қамқорлықпен тәрбиелеп өсірсе, ол ата-ана қартауғанда өзіне де солай жақсы қарайтын фундамент қалыптастырды деген сөз шығар, бәлкім.