0 дауыс
746 көрілді

 Атақты адамдардың,өзіміз жақсы көріп тыңдап жүрген әншілердің сахнадан тыс уақытта өзгеріп сала беретінін естіпте,көріпте жүрміз! Байқауымша, елімізде шет елдегідей емес, көп көңіл бөлмейтін секілді! Баяғы қазақшылығымызға салынып, ештеңе етпес, бұларда пенде ғой деп жылы жаауып қоя саламыз! Бұл да дұрыс шығар, алайда олардың өрескел ұят жағдайын қалай түсінсе болады? Жастарды жас дейміз бірақ ересек тіпті "Қазақстанға еңбегі сінген, халық әртісі" деген атақты алып жүрген әншілеріміздің Ютубтегі маскара болып түскен видеосын көрсекте,үндемедік.Мен Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова туралы айтудамын.Оның жастардың мазағына айналып, мас болып түскен видеосы! Бірақ әлі үнсізбіз. Қазақстанның халық әртісі деген атқа лайық па?Соған ойланайық! Сол сияқты да Қайрат Нуртастың ютубта өрескелдігі жетерлік, бірақ соған қарамастан дүйім жұртқа әлі де "любимчик"

 

10 жауап

0 дауыс

Ол жай ғана Мақпал Жүнісоваға ұқсайтын адам шығар!

Сенбесеңіз,өзіңіз қарап көріңіз, Мақпал Жүнісова деп іздесеңіз шығады.Басында менде күмәнданғам!
Белгісіз
+1 дауыс
Тағы да Қайрат Нұртас.Сол баяғы Қайраттың жаман жағы,қайтсе Қайратты масқаралау,кемшілігін бетіне басу.Неге Қайраттың жаман жағын көре қалады екен?!Мен қарсы пікір жазсам қазір мына жерде дау туары анық.
Сізбен келісемін Мадияр
+1 дауыс
Аталған жұлдыздардың халық еткен еңбектеріне қарай бағасын әлде қашан беріп қойған. Өмірде мінсіз адам болмайды. Жұлдыздардың сондай жаман қылықтарын видеоға түсіріп интернет арқылы таратып жібереміз. Осы видеоларды интернетке салып отырған адамдардың көздегені не? Неге өзіміздің жұлдыздардың жаман қылықтарын жасырып, мақтауын асырмасқа.
0 дауыс
Олар сахнада халықпен жақсы араласса болды ғой. Жеке өмірінде не істеседе өздері біледі,ұятқа қалса өздері. Мақпал болса ол видео өшірілетін шығар,ал Қайраттың еш кінәсі жоқ,ол халықтың соншалықты надандылығынан...
+1 дауыс
Неге біз осы видеоны көргенде сол әншіні жамандап..жаман ойға кетіп жатамыз..ал сол видеоны түсірген..соны youtube-ке салған адам жайлы еш ойға бармаймыз?!Әншілерді өмірде қандай екен деп жақсы көрудің қажеті жоқ..оның әніне баға бере білгенде дұрыс болар еді...Жақсы адамның бәрінің бір жаман жағы бар..олар да пенде ғой..сәл өрескел қылық жасап қойса..соны масқаралап біткенше қоймаймыз..Тура әншінің қателік жасауға ақысы жоқ секілді..Баға олардың әніне беріледі..менің ойымша оларды жамандап отырған өзімізге ұят...
–2 дауыс
Қойыңызшы Akosi сізде айтады екенсіз! Ол бір қарапайым адамдар емес қой. Қарапайым адам арақ ішіп алған ондай видеоны көріп жатсақ күлумен шектелеміз себебі оны ешкім танымайды және ол үлкен проблемаға айналмайды. Ал Мақпал апамыздың ол тірлігі ұят. Өзі халыққа еңбегі сіңген әнші ия даусына айтар сөзіміз жоқ кәсіби талантты әнші. Бірақ өзі Қазақстанның еңбегі сіңген әншісі бола тұра ол ыңғайсыз жағдай. Кез-келген әншілер артынан қара пиарлар аңдып аяқтан шалып жүретінін біледі. Сондықтан барынша абай болғаны дұрыс. Олар сондай дер кезінде видеоға түсіріп интернетке жайып жібереді.
Ия сізбен келісем,ол бір жәй адам емесқой,Өнер адамы!Өзін қай кезде болмасын лайықты ұстауы керек сияқты!
Белгісіз
0 дауыс

Оларда біздей адам ғой! НЕсі бар!

0 дауыс

Әлгі Мақпал Жүнісова деп жүргенің басқа адам. Ол емес видеодағы.

0 дауыс

әр жұлдызыдың бір жетіспеушілігі болады. Сол туралы білген адамдар соны өсек ретінде таратады. Қазақ халқы сондай десе болатын шыгар 

0 дауыс

Қайрат Нұртас өзі Джастин Биберге уксағысы келетін секілді. Оның дауысыда фонограммага жазылған шығар. Оның ютубтағы әрекеттерін көргенде өзін осындай әншінің жанкүйерімін бе?- деп ойланасын. 

...