+3 дауыс
720 көрілді
Қазір кезде өзгермеген нәрсенің өзі қалмады ау. Бұрындары төрге кілем іліп , бір бұрышына домбыра іліп, түлкі терісін іліп салт дәстүрді ұстанатындар бүгінде оларды сандыққа тығып , орнына (обой) түрлі -түсті қағаздар жапсыруды шығарыпты. Бізде заманнан артта қалмайық деп былтыр үйді еврожөндеуден өткізгенбіз. Қағаз жабыстырып. Кардон жапсырып. Аппақ шпатлевка дей ме сонымен сылап, әдемі етіп әуреге түстік біраз. Бірақ сол үйлер атам мен әжеме жақпады. Қайта қайта қан қысымдары көтеріліп, жүректері қысылып қысымен ауырып шықты. Көрші ата евро үйлер денсаулыққа өте зиян деп еді бір қонаққа келгенде. Содан биыл үйді қайта қырғызып , әктеп қойдық. Қызығы сол мен де , аға жеңгелер де,евро үйдің кері әсерін сезбедік. Евроүйлер денсаулыққа зиянды ма шынымен?

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Сіздің сұрағыңызға мен "иә" деп нақты әрі сенімді айта аламын. Өйткені обои (әсіресе, моющий), пластикалық терезе сияқты заттардың бәрі жасанды. Олар химлабораторияда жасалған заттар. Ал, табиғи заттардан жасалғандардың бәрін лақтырып жатыр (мысалы: ағаш терезе). Бәлкім, ол "современно" шығар, бірақ түк пайдасы жоқ. Қазіргі пластикалық материалдардың бәрі улы. Олар адамға бірден әсер етпейді, бірақ ақырын-ақырын біздің организмімізді жаулап алады. Күнделікті өмірдің өзінде біз әр түрлі спрейлерді (шашқа арналған лак, дезодорант, т.б.) себеміз. Бұлар да зиянды, өйткені олар шағаратын газда фтор көміртегі бар. Түрлі өндіріс қалдықтары атмосферамызды ластап болды өзі. Енді, ең құрмағанда, үйімізді зиянды заттардан аулақ ұстайықшы.
0 дауыс
Ешкандай уайымдама беймарал жата бер ок!
Қатырып жауап бердім деп отырсың ау?!(devil)
–1 дауыс

 Әлі ешкім өлген жоқ қой, зиян деп ойламаймын! Көркем, бұрынғы кездер артта қалды ,21 ғасыр -нанотехнологиялар дәуірі басталды.... Сондықтан басыңды ауыртпай-ақ қой. Қалай дегенімен заманға сай болуымыз керек қой... Ал минутсай беріңдер((

+1 дауыс
Көркем қыз! Евроремонтқа қолданылатын құрылыс материалдары егде адамдардың денсаулықтарына кері әсер етеді. Ең дұрысы кәдімгі әк, дезинфекциялық қасиеттерімен бактериялар мен вирустарды өлтіреді.
+1 дауыс

Евроремонт жасау дегеннің тұрмыс тіршілігімізге дендеп енгені шындық. Біз одан зияны болса да, болмаса да бас тарта алмайтынымыз тағы шындық. Негізі соңғы кездегі тұтынып жүрген тауарларымыздың барлығы да күманді емес пе? Мысалы, қазір сотка ұстамайтын адам жоқ, кілемдеріміздің, киімдеріміздің барлығы синтетика, ол да күмәнді, бірақ амал қанша елден қалғымыз келмейді. Ал енді еврожөндеуге келсек, зияны жоқ деп айта алмаймын. Тегістеу материалдарының (алинекс, полимикс т,с,с,) бәрі түрлі химиялық қоспалардын жасалатыны айдан анық. Бұрыштарды сәңдеу бұйымдарының ( галтельдер, полистирольдар т,с,с.) бәрі де химиялық қоспалар, мұнай қалдықтарынан жасалатын заттар. Міне осылардың бәрі белгілі бір дәрежеде( үйдің ысуы,сууы т,с,с, әсерлерден) токсиндер бөліп шығаруы әбден мүмкін. Ал бұлар адамдар, әсіресе жас балалар организіміне әсер етпейді деу қате болар еді. Тағы бір айта кетерлігі осы левкастау әдісінен үй қабырғаларының табиғи ауа алмасуы ( дем алуы)  арқылы ауа алмастыру (естественный конденцирования) қабілетін жоғалтатындығын айтуға болар. Жалпы айтқанда қазағымның киіз үйіне қайдан жетсін, бірақ амал бар ма цивилизациядан ұзап қайда барамыз дейміз да.

...