Қазақ халқының өмірі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен сәнді ғой. Сондықтан өз басым барлық дәстүрлерді ұнатамын. Мысалға, "Ат тергеу" деген тамаша дәстүр бар. Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайнаға, қайын-інісінің, қайын-сіңлісінің атын атамай, өзінше лайықты ат қояды. Әсресе, жеңгелері қайын-інілеріне тапалды сұңғақтым, жайбасарды жүйрігім сияқты небір күлкілі аттар да қойған. Бұл дәстүр біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көргенділік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі деп санаймын.