"Мәңгі қорғап өтем текті елімді!"
Сөзі: Ғабит Кәдірбаевтікі (Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектеп мұғалімі),
Әні: Нұрбай Көкеновтікі (Жанқожа батыр ауылы мәдениет үйінің көркемөнерпазы).
Ақ найзаның ұшымен,
Ақ білектің күшімен,
Ата-бабам мирас етті жерімді.
Арыстандай айбатым,
Бойда құрыш-қайратым,
Мәңгі қорғап өтем текті елімді!
Сүйсем әке-апамды,
Сүйем солай Отанды,
Мызғымаймын шекарада тұрғанда!
Отан үшін от кешем,
Қаруыммен серттесем,
Көк бөрінің киесі бар тұлғамда.
Бейбіт қонған елім бұл -
Ертіс пенен Еділдің,
Арқа менен Алатаудың арасын.
Мәңгі орнасын азат күн,
Аспанына қазақтың,
Ынтымақ пен тапсын бірлік жарасым!
Бұл әнді мына жерден онлайн тыңдап көр.