Қызық сұрақтар | 5.2k қаралды
5.2k қаралды
Сүтті тасытып алдым. Осы сүтті қалай тасытпай пісіруге болады?! Қазір піспейді , шырылдаған қоңырауға жауап бере салайын деп үйге кіріп кеткем. Тасып кетіпті. Күйік иісін қалай тез кетіруге болады ?
Барлық жауаптарға рахмет. Өте ризамын.

5 жауап

Егер сүт тасып кетсе…

Кейде пісіруге қойған сүт тасып кетіп, үйдің іші түтін болып кетеді. Күйіктің иісі көпке дейін білініп тұрады. Осындай кезде есік пен терезені бірнеше сағатқа ашып қойып, желдету керек. Бірақ күйген иіс бірден жоғала қоймайды. Мұндай иісті дымқыл шүберектер өзіне тез сіңіріп алатын болғандықтан, қажетсіз маталарды суға малып, сығып алыңыз да еденнің әр жеріне жайып қойыңыз. Сонымен қатар тұзды жайпақ тәрелкеге салып, бөлме бұрыштарына қойсаңыз, иістің жоғалуына көмегі тиеді. Бұл күні кір жумауға тырысыңыз, әйтпесе күйіктің иісі киіміңізге сіңіп қалуы мүмкін.

Сонымен қатар,Ас үйде басқа да жағымсыз иіс болса, кастрюльге сірке суын қайнатып, бөлмені желдетіп алыңыз. Ал қысқа толқынды пештегі иісті кетіру үшін оның ішіне лимон шырыны қосылған суды 30 секундтай қоя тұру керек.

http://www.aktobegazeti.kz/?p=10470
Жақсы Жауап
Бұл жағдайда сүттен күйіктің дәмін кетіре алмайсыз. Неше түрлі әдіс қолдансаңызда болмайды. Сондықтан сүтті қайтадан пісіргеніңіз жөн болар.

Айтпақшы әлемдегі ең ақымақ адамдардың жасайтын бір әдісі бар. Әлгі күйіп кеткен сүтті өзінен мыңдаған есе текше метр сүтке араластырып кетіруге болады.
Сүтті тасытпай пісіру үшін, қасында тұрып, отты уақытылы сөндіру керек. Газ плитадағы кірді, майды кетіруге Кока-Кола жақсы.
Бөлме ішіндегі күйік иісін кетіру үшін, үйіңіздегі жарық  "лампа накаливание" ( кешірім сұраймын, қазақшасын таппадым) болса, сол лампочканың сыртына әтір (одеколон, духи) жағып содан соң жарықты қоссаңыз күйік иісін басады.

 

Жағымсыз иісті қалай кетіруге болады?

Әр үйдің өзіндік бір иісі бар. Оны табалдырықтан аттаған сәтте бірден сезуге болады. Бұл иіс үй иелерінің қандай екенінен хабардар етеді. Сондықтан да үй тазалығына айрықша мән берген жөн.
Үйден бір жағымсыз иіс шығады, бірақ сіз барлық жерді қарап шығып, иістеніп тұрған ештеңе таба алмадыңыз делік. Олай болса, иіс тұсқағаз, перде, кілем және жұмсақ жиһаздарға сіңіп қалған. Мұндай иіс көбіне ұзақ уақыт бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген ескі үйлерден шығады. Сол себепті үйді жаңартуға тура келеді. Бірақ толықтай жөндеу жұмысын жүргізу оңай шаруа емес. Сондықтан алдымен төмендегідей тазарту әдісін пайдаланып көріңіз. Мүмкін үйдің ауасы тазарып қалар.

Алдымен суға аздап хлор салып, үйдегі барлық жиһаз бен тұсқағаз және еденді жуып шығыңыз. Жұмсақ жиһаздарды дымқыл  поролонмен сүртіңіз. Бөлменің төбелерін әктеңіз, тіпті болмаса сумен жуып өту керек. Кілемді шаңсорғышпен тазартпастан бұрын оған су бүркіп, аздап ас содасын сеуіп қойған дұрыс. Ал алдын-ала үгітіліп, матаға оралған белсендірілген көміртегін (активированный уголь) әр бөлменің бұрышына бір-бірден қойсаңыз, жағымсыз иістерді өзіне сіңіріп алады.

Егер сүт тасып кетсе…

Кейде пісіруге қойған сүт тасып кетіп, үйдің іші түтін болып кетеді. Күйіктің иісі көпке дейін білініп тұрады. Осындай кезде есік пен терезені бірнеше сағатқа ашып қойып, желдету керек. Бірақ күйген иіс бірден жоғала қоймайды. Мұндай иісті дымқыл шүберектер өзіне тез сіңіріп алатын болғандықтан, қажетсіз маталарды суға малып, сығып алыңыз да еденнің әр жеріне жайып қойыңыз. Сонымен қатар тұзды жайпақ тәрелкеге салып, бөлме бұрыштарына қойсаңыз, иістің жоғалуына көмегі тиеді. Бұл күні кір жумауға тырысыңыз, әйтпесе күйіктің иісі киіміңізге сіңіп қалуы мүмкін.

Мысық асырасаңыз…

Мысық еденге «бүлдіріп» қойса, дереу тазалыққа кірісіңіз. Әйтпесе жағымсыз иіс бүкіл бөлмеге тарап кетеді. Алдымен хлормен, содан кейін кір жуатын ұнтақ қосылған жылы сумен жақсылап жуып өтіңіз. Сондай-ақ су, 9%-ды сірке суы мен арақты тең мөлшерде алып, оған шамалы марганец ерітіндісін салып, осы қоспамен жуса, иісі кетеді. Бірақ ашық түсті затқа қолданбаңыз, себебі марганец ерітіндісінің бояуы сіңіп қалуы мүмкін.

Басқа да жағымсыз иістер…

* Егер тоңазытқыштан жағымсыз иіс шықса, сода ерітіндісіне (1 стакан суға 2 ас қасық) малынған шүберекпен ішін сүрту керек. Әрі шүберекті жарты сағаттай тоңазытқыштың ішіне қалдырса, иіс бірден жоғалады.

* Ыдыс-аяқ жуатын раковинадан кейде бір жаман иіс шығады. Бұл иісті кетіру үшін тұз, ас содасы мен сірке суының әрқайсысынан 1 ас қасықтан алып, оған 0,5 литр қайнаған су құйып, жатар кезде осы ерітіндіні раковинаға құйыңыз. Осылайша бір ай бойы раковинаны шайып отырсаңыз, ондағы сасыған иіс жоғалады.

* Ас үйде басқа да жағымсыз иіс болса, кастрюльге сірке суын қайнатып, бөлмені желдетіп алыңыз. Ал қысқа толқынды пештегі иісті кетіру үшін оның ішіне лимон шырыны қосылған суды 30 секундтай қоя тұру керек.

Ас үйдегі тазартқыштар

Тұз – тазартумен қатар ағартады. Адам терлеген кезде ашық түсті киімнің қолтығында сарғыш дақ қалады. Бұл киімді жумас бұрын тұз ерітіндісіне салса, тез кетеді. Жаңадан сатып алған джинсы шалбарыңыз қатты болса, кір жуатын ұнтаққа 1/3 бөлік тұз салып жусаңыз, жұмсарады. Егер киіміңізге шарап төгіп алсаңыз, сол жерге дереу тұз сеуіп, 30 минуттай суға сала тұрыңыз. Осыдан кейін жусаңыз, киіміңізде дақ қалмайды.

Өсімдік майы ағашты жылтыратады. Сықырлап тұрған есік топсасына май тамызсаңыз, мазаңызды алмайтын болады. Иісі бар күнбағыс майы құмырсқаларды жолатпайды.

Ас содасы ыдыс-аяқты жақсы тазартады. Әсіресе, шыны мен фарфор және күмістен дайындалған ыдыстардағы май мен кірді бірден кетіреді. Сондай-ақ ескі ыдыстардағы жағымсыз иістерді жояды. Ыдысты тазалаған кезде содаға шамалы су қосып пайдаланыңыз.

Күмістен жасалған қасық, шанышқыларды тазарту үшін түбіне фольга қағазы төселген кастрюльге салып, үстіне ыстық су құйып, жарты стакан ас содасын қосады. Осындай тазартудан кейін қасық пен шанышқылар бұрынғы қалпына келіп, жарқырап шығады.

Ескі жиһаздағы жағымсыз иісті кетіру үшін оның ішіне құрғақ ас содасын сеуіп қойыңыз. 1-2 сағаттан соң шаңсорғышпен сорғызып алыңыз.

Апельсиннің кептірілген қабығы киімді күйе көбелектен (моль) сақтайды.

Лимон шырыны қандай да бір заттың бетіндегі майлы кірді ерітіп тазартады. Ол үшін жаңадан сығылған лимон шырынын сол жерге жағып, жарты сағатқа қоя тұрады. Сонан соң оның үстіне ас содасын қосып сүртсеңіз, майлы кір бірден кетеді.

Зәйтүн майы мен лимон шырынының 2:1 есебіндегі қосындысы ағаштан жасалған жиһаздарды жақсы жылтыратады.

Сарғыш тартқан ақ түсті киімді лимон тілімдері қосылған ыстық суға сала тұрса, ағарып шығады.

Темірдің тот басқан жерін тұз бен лимон шырыны қосылған ерітіндімен сүрту керек.

118,599 сұрақ
305,918 жауап
153,310 пікір
68,354 қолданушы