0 дауыс
8.8k көрілді
Маған ауыл туралы,ауылға сағыныш сағыныш жайлы өлең керек еді

Ән аттарын жазып беріңдерші немесе сілтеме қалдырыңдаршы

3 жауап

+1 дауыс
заттыбек копболсыновтын олени бар ауыл туралы
| 454 |
Ауылға кеткім келіп тұрады  осы ма
"Қозы-лақтың ойнағаны әдемі". 7 сыныптың "Өзін-өзі тану" кітабында бар.
+1 дауыс
Жубаныш Жексенулы-ауылым Коныр тобы Алтын бесик
0 дауыс
Туған ауыл, сен үшін тер төкпедім,  

Кешір мені, кеш мені, сен текті елім

! Бір сағыныш мазалап ертелі-кеш,

Жүреді ылғи жанымды өртеп менің.

 Туған ауыл. Бәрі есте... Балалық шақ,

 Қалаға кеп қаңғырдық қалам ұстап.

 Кешір мені, күнәсіз балалығым,

Қала алмадым ауылда саған ұқсап.

Қатты маған қызуың күннен сенің

Сағынышым өзіңсің, мұң мен шерім.

Қайран ауыл, қалдың-ау үзіп алып,

Жұдырықтай жүректің бір бөлшегін.

Тұрғанда жасыл өлке жырға тұнып,

Көшіріп алушы едім, қырда отырып.

 Жауһардай жырға құмар жүрегімді,

 Алар ма ем, тұнығыңа бір батырып.

 Көнермес қасиет бар келбетінде,

Сағынтар жалғыз мекен жер бетінде!

 Ауылым, сенен алған тұнық сезім,

Жанымды бір ән болып тербетуде.

 Бәрі есімде бал ғұмыр, бала кездің,

 Арман қудым.

 Ат міндім.

 Дала кездім.

Қазыналым, қымбатсың маған мәңгі,

 Қарашығы секілді қара көздің! Қалқаман Сарин
...