+1 дауыс
16.3k көрілді

Орталық нерв жүйесі инфекциялық аурулары туралы ақпарат керек?

1 жауап

0 дауыс

Ми қабықшаларын зақымдай жүретін орталық нерв жүйесінің инфекциялық сырқаттары – менингиттер  (менингококкты, туберкулёзді)

2. ОНЖ іріңді үрдістері (ми абсцестері)

3. Вирусты энцефалиттердің патанатомиясы

4. Кенелік энцефалиттердің патанатомиясы

5. Нейросифилистің патанатомиясы

Ми қабықшаларын зақымдай жүретін орталық нерв жүйесінің инфекциялық сырқаттары. Менингит – бұл мидың жұмсақ қабықшаларының қабынуы.

Пахименингит – бұл мидың қатты қабықшасының қабынуы

Лептоменингит – бұл мидың жұмсақ және торлы қабықшасының қабынуы

Миға инфекцияның кіру жолдары:

Гематогенді

Контактты – жақын орналасқан ағзалардан таралуы

Өрлеме жол – нерв талшықтарының бойымен

Сыртқы ортадан тура енуі

Қоздырғыштары

Жиі қоздырушылары Neissеria meningitidis және Streptococcus pneumoniae.

Грамтеріс бактериялар:   Escherichia, Klebsiella, Enterobacter – иммунодефицит жағдайларында ми жарақатынан немесе хирургиялық шаралардан кейін дамиды.

Созылмалы менингит: туберкулез, мерез, кандидоздардан кейін дамиды

Балаларда Neisseria meningitidis және Escherichia coli, В тобындағы стрептококтар қоздырады

Менингококты менингит

Этиологиясы: Менингококты инфекция (Neisseria meningitidis)

Морфологиясы

Макроскопиялық өзгерістері – мидың жұмсақ қабықшаларындағы «Гиппократ қалпағы» тәрізді іріңді қабынуы.

Ірің – субарахноидалды және жұлын қуыстарында бұлыңғыр сұйықтықтың жиналуы, гидроцефалияның дамуына әкеледі.

Микроскопиялық өзгерістер

- Ми қабықшаларының диффузды лейкоцитарлы инфильтрациясы

Ми қабықшаларының ісінуі
Қан тамырларында қан толуы
Ошақты қан құйылулар

Мидың дислокациясы

Мишық пен сопақша мидың үлкен шүйде тесігіне кептеліп қалуы

Екіншілік гидроцефалия

Менингиттің балалардағы асқынулары:

Ликвор жолдарының тыртықтануы әсерінен жұлын сұйықтығы ағуының нашарлауы (гидроцефалияның дамуы)

Неврологиялық симптоматиканың дамуына әкелетін нервтердің зақымдануы

Мидың ошақты зақымдануларынан психикалық, сезім және қимыл-қозғаушы қызметтерінің бұзылыстарына алып келеді

Эпилепсия

Субдуральді абсцестердің түзілуі

Этиологиясы – туберкулез микобактериясы Инфекция миға екіншілік инфекция ретінде болып енеді, ағымы бойынша жеделдеу болады.

Морфологиясы

Макроскопиялық көрінісінде – ми негізінде және жұлынның маңында қоймалжың немесе ірімшік тәрізді экссудат жиналады.

Мидың барлық бөлігінде, көбінесе ми негізінде миллиарлы некроз ошақтары көрінеді

Микроскопиялық көрінісінде – лимфоциттер, макрофаговтар, плазмоциттер, Пирогов –Лангханстың алып жасушалары және көп көлемде фибринозно - казеозды экссудаттың болуы
Ми немесе ми нервтері талшықтарындағы облитерациялық эндоартериттің нәтижесінде майда инфаркттардың дамуы

Нәтижесі:

Ми қабықшаларының арасындағы жабыспалардың дамуы

ОНЖ – нің іріңді үрдістері: мидың абсцестері

Ми абсцессі  – ми тінінің некрозымен жүретін, шектелген іріңді қуыстың пайда болуымен сипатталатын қабыну ошағы

Этиологиясы –

  1. Ірің түзуші коктар
  2. Анаэробты стрептококтар
  3. Ішек таяқшалары тобы
  4. Дифтероидтар
  5. Бактероидтар
  6. Грибоктар
  7. Ағымы бойынша: жедел, созылмалы

2. Таралуы бойынша: гематогенді

3. Даму себебіне байланысты: ото-риногенді, остеогенді, одонтогенді, жарақаттық, пульмоногенді, кардиалді, тонзиллогенді, хирургиялық 

Макроскопиялық көрінісі – сары-жасыл түсті, жағымсыз иісті, қоймалжың сұйықтыққа толған шекарасы айқын қуыс

Үрдістің жиі орналасқан орны: шүйде бөлімі, мишық, самай бөлігі, маңдай бөлігі

Микроскопиялық көрінісі – ішкі қабырғасы  ірің түзуші пиогенді мембранадан (өлген лейкоциттер),  грануляциялық тіннен. Сыртқы қабаты тығыз  дәнекер тіннен тұрады
Энцефалит – бұл мидың инфекцияға, интоксикацияға немесе жарақатқа байланысты қабынуы

Лимфоциттерден, плазмоциттерден және макрофагтардан тұратын қабыну сіңбелерінің болуы

Таяқша тәрізді және амеба тәрізді жасушалардың түзілуімен жүретін микроглия және олигодендроглияның диффузды пролиферациясы

Нейрофагия - нейрофагиялық түйіндердің пада болуы

Ядро ішілік және цитоплазма ішілік түзілімдердің пайда болуы

Морфологиялық көріністері:

 - периваскулярлы лимфоцитарлы сіңбелер

 - нейрондардың зақымдануы мен некрозы, микроглиоциттер мен макрофагтармен жойылуы

 - жасуша ішілік түзілімдер (цитомегаловирус)

 - периваскулярлы кеңістіктің ісініп кеңеюі

 - қосалқы менингит

Жиі балаларда кездеседі Макроскопиялық көрінісінде – ми болбыр, өз пішінін жоғалтқан, жұмсақ ми қабықшалары қанға толған, ісінген. Миды кесіп қарағанда іріген ми тіні, сұр түсті, бұлыңғыр, ботқа тәрізді зат ретінде көрінеді

Орналасуы – маңдай, самай, шүйде, төбе бөліктерінде

Микроскопиялық көрінісі – мидағы көптеген колликвациялық некроз ошақтары және аздаған периваскулярлы лимфоидты сіңбелер бар
Қан тамырларда - пролиферативті  васкулиттер және тромбоваскулиттер
Ми нерв жасушаларында – ядроішілік герпестік түзілімдер болады

Аурудың созылыңқы түрінде глияның пролиферациясы (астроцитарлы)
Түйінді шарлардың түзілуімен жүретін нерв жасушаларының деструкциясы 

Аурудың созылмалы түрінде

Фибриллярлы глиоз
Демиелинизация
Мидың атрофиясы 

Мерез тері, ішкі ағзалар, шырышты қабаттар, сүйек, нерв жүйесінің зақымдануымен жүретін созылмалы, жұқпалы, венерологиялық ауру

Қоздырғышы – боз трепонема

Нейросифилис – нерв жүйесінің мерез кезіндегі зақымдануы

Нерв жүйесінің гуммозды түрі

Мерездің жай түрі

Нерв жүйесінің қан тамырларының зақымдануы

Нерв жүйесіндегі үдемелі салдануы

Жұлындық сему

Гуммозды түрі

Макроскопиялық көрінісінде - әртүрлі көлемдегі гуммалар ми жарты шарларының бетінде, мишықта, жұмсақ ми қабықшаларында орналасады

Микроскопиялық көрінісінде – некрозды қоршаған лимфоциттер, плазмоциттер, фибробласттар капсулаға ұқсас дәнекер тін түзе орналасады

Нейросифилистің жай түрі ми тіні мен жұмсақ ми қабықшаларының лимфоцитарлы қабыну сіңбелері

3. Қан тамырлы зақымданулары мерездік, облитерациялық эндартерииттің және эндофлебиттің дамуымен сипатталады

Үдемелі салдану – мерездің кеш белгілеріне жатады

Макроскопиялық көрінісі – ми массасының азаюы, иірімдердің жұқаруы, қыртыс асты түйіндердің және мишықтың атрофиясы

Микроскопиялық көрінісі – нерв жасушаларының дистрофиясы және некрозы, демиелинизациясы, ми тінінің архитектоникасының бұзылуы, глияның пролиферациясы.  

Жұлындық сему – жұлынды зақымдай жүретін мерездің кеш белгісі. Жұлынның жоғарғы бел бөлігінің, сына тәрізді талшықтардың, жұлынның артқы өзекшелері жасушаларының дистрофиясы және некробиозы

Жұлынның артқы өзекшелерінің демиелинизациясы және бүрісуі

Нәтижесі: жұлынның атрофиясы 

...