+2 дауыс
4.2k көрілді
Уксус неден жасалады?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Уксусты қазақша Сірке суы деп атайды.

Сірке суы — құрғақ жүзім шараптарын табиғи түрде немесе көмірсулар мен спирттерді жасанды жолмен ашытып алынатын өнім. Аспаздықта кеңінен қолданады. Саудаға сірке суы 80%-дық эссенция түрінде немесе 3% және 9% ерітінді күйінде түседі. Барлығын асқазанға зиян болмайтындай 3%- дық ерітінді түріне келтіру қажет. Сірке суларына әр түрлі өсімдіктер тұндырып дәмін келтіреді.

Сірке суының пайдасы

* Жұқа шыны, хрустальдан жасалған ыдыстарды ыстық сумен немесе ас содасымен жууға болмайды. Ондайда ыдыстың түсі өзгеріп, өңі сарғаяды. Сондықтан мұндай ыдыстарға ұқыпты қарап, жылы сумен жуып алып, соңынан шамалы сірке суы қосылған сумен шайса, жылтырап шыға келеді.

* Егер алюминый ыдыстың іші қарая бастаса, оны сірке суына малынған шүберекпен ысқылап сүртіп, сонан соң жылы сумен жақсылап жуса, тазарады.

* Шәйнек пен самаурын ішіндегі қабыршық қақтарды да сірке суы тазарта алады. Ол үшін бір литр суға бір шай қасық есебінде сірке суын қосып, шәйнекке су толтыра қайнатса, тез кетеді. Соңынан шәйнекті бірнеше қайтара жақсылап шаю қажет.

* Қол мен ыдыстан балықтың немесе майшабақтың ұнамсыз иісін кетіру үшін сірке суы араластырылған сумен (бір литр суға 1 қасық сірке суы) жуу керек.

* Кір жуған кезде қол ісініп, қызарып кетпес үшін сірке суы қосылған суға аратұра малып отырған жөн.

* Сырланған еден әбден кепкеннен кейін сірке суы қосылған сумен жуса, көпке дейін жарқырап тұрады.

* Гүл салынған вазалардың түбіне тұрып қалған дақтарды кетіру үшін сірке суына тұз қосып шайқау керек.

* Айна жарқырап тұру үшін бір стақан суға 1 ас қасық сірке суы мен 20 грамм борды қосып араластырыңыз. Осы қоспаны бір қайнатып, суытады. Оны әуелі сүзіп алып, содан кейін айнаны сүртіп тазартады.

* Сірке суы қосылған сумен кілемді сүртсе, оның түрі ашылып, бояуы жарқырайды. Әртүрлі бояулы кілемді қырыққабат тұздығымен (рассол) сүртсе, өңі кіре бастайды. Сондай-ақ ағаш үгіндісі де (опилка) кілемді жақсы тазартады. Әуелі кілемді ұрып шаңын кетіреді де сірке суы қосылған сумен (бір шелек суға 2 ас қасық сірке суы) дымқылдайды. Сонсоң ағаш ұнтағын щеткамен кілемге жағып, ысқылап сүртеді.

* Бөлме ішіндегі есіктердің күңгірт шыныларын сірке суы қосылған сумен жуған жөн. Ал жақтау салынған суреттердің шыныларын сірке суымен сүртіп, соңынан құрғақ матамен жақсылап ысқылап кептіреді.

* Терезе әйнектерін сірке суы қосылған жылы сумен жуыңыз (бір литр суға 2 ас қасық сірке суы). Егер терезе онша ластанбаған болса, онда бір литр суға бір ас қасық крахмал қосып ерітіп, сонымен сүртсеңіз болады.

* Самаурынның кірін ырғай (бузина) жемісі тез кетіреді. Оны мектеп оқушылары қолданатын резинка өшіргішпен де тазартуға болады. Үтік табанындағы татты – тұзбен, ал сарғайған күйікті сірке суымен кетіреді.

Үлкен рахмет!
...