0 дауыс
6.7k көрілді
Бетіме май қатты шашырап кетті де, бетім  күйіп қалды. Енді шырам қалдырмау үшін не істеуге болады? Дәрігерлер маған пантенол мен олазоль жақ деді. Бұл жақсы көмектесе ме? Мен күйген кезде басқа қалада едім, күйген бойда сол жақтың дәрігеріне барып едім , бетімді спиртпен сүртіп, артынан пантенол жақты. Сөйтсек, спирт деген одан әрі күйдірііп жібереді екен ғой. Мен қайдан білейін. Енді уайымдап отырмын. Қыз баламын. Бетімде шырам қалғанын  қаламаймын.
Бұл жерде дәрігердің спиртпен сүрткені дұрыс, себебі бет терісі  ыстық маймен күйгендіктен спиртпен күйген жерді  майдан тазартқан. Мысалы сумен майды кетіре алмайсың. Алғашқы көмек дұрыс көрсетілген, уайымдама.
Пантелон жақсы көмектеседі

3 жауап

+1 дауыс

Иә,пантелон жақсы көмектеседі.Уайымдама,шырам қалмайды.пантенол мен олазольді  жаға бер.Бетің соншама көп күймеген болар,жәй ғана шашырап кеткен шығар,толықтай кетеді .

рахмет солай болса екен. Бірақ қатты күйіп қалды. Бетімнің тура ортасының терісі сыпырылып қалды да жан жағына майдың қызарған іздері тұр еще мойныма дейін шашырап кеткен. Осы уақытқа дейн қанша май шашырап жүрсе де бұлай күйіп көрмеппін.
Кетеді,кетеді,дәрігерге көрініп жүр.Мен бірақ дәрігерсіз ақ кетірдім))).Менің қол-аяғым майға емес,отқа күйген.От болғанда былай: дихлофос сияқты бірдеңе жатқан аулада,соны отқа салып жіберіп,жанып жатқан отты тамашалап тұрғам.Ана бәле атылады екенғо отқа салсаң.Бір мезгілде атылды да,қол-аяғыма бірдеңелер шашырап,жабысып қалды.Терісі күмпиіп ісіп,кей жерлері түсіп қалды.Удай ашытты.Бірақ кетті))
0 дауыс
Бетің осыдан бес- алты кун бұрын куйген болса,бұған дейін дәрігердің айтқан олазоль немесе пантенол спрейлерін пайдаланған болсаң,онда куйіктің бетіне жұқа тері пайда болып, жазыла бастады деп ойлаймын.Егер осылай болса, тыртық із қалмауы ушін актовегин немесе солкосерил кремін немесе гелін алып жаққан дұрыс.Егер терің құрғақ болса осы аталған дәрілердің мазін алып жақсаң болады.Толығымен жазылған соң бет терісінде коллаген (тыртықты түзетін ткань) артық түзілмес үшін контрактубекс мазін жағуға болады ,Бірақ емдеуші дәрігеріңмен осы айтылан кеңестерді талқылап,толық нұсқаулық алып алғаның жөн..
Тыртық қалмағанмен бетте "күйіктен кейінгі гиперпигментация" деген болады. Толығымен жазылған соң, ағартатын кремдер пайдалану керек,дәрігеріңнен осыны да мұқият сұрап, кеңес ал. Өзің кеңесті кеңінен  сұрап тұрмасаң,болмайды.
0 дауыс
Сəлем)Бетіңіз қанша уақытта жазылды?Нақты қандай заттар көмектесті?Менде жақында бетімді күйдіріп алған едім,жақында сабаққа барам.Бетімнен ұялам!
...