+1 дауыс
669 көрілді
Бәйге атының еті неге арам болып саналады?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Байгеде шауып жүрген жылқының етін арам дегенді естімеппін.  Бірақ бәйге аты үнемі суытылып, бабында ұсталатындығынан еті тек майсыз қара еттен тұрады. Жылқы еті талшықты бір май,бір еттен келетіндіктен дәмді саналады, ал бәйге аттарды еті майсыз болады да қатты, сүйкімі аздау болады.Әрі бәйге атын бір жағдай болмаса қазақтар пышаққа іліндірмеген. Бір майып болып, немесе жарыста құлаған аттардың өзін арам өлтіруге қимаған иелері өздері қатыспастан, бауыздатып, етін қырық жілік қылып тегін тарататын болған.
Мертіккен атты бауыздағанын көріп айтты да біреулер: "Бәйге атының етін жеуге болмайды, сондықтан алысқа апарып тастайды" деп.
+2 дауыс
Бәйге атының еті харам болып саналмайды. Жарыста мертіккен бәйге аттарының пышаққа шалынғанын бірнеше рет көрдім.

Ұқсас сұрақтар

...