+3 дауыс
330 көрілді

СЖ сайтына мына ұсыныстарға қалай қарайсыз?

1. Kazbash.kz сайтындағы әзілдер осы сайттың кішкене бір шетінде жарияланып тұратын болса (немесе басқа әзілдер, көңіл көтеріп отыру үшін)

2. Сауалнама (опрос) болса. Ол да көп орынды алмас еді.

3. Қаріптің  түсін және сұрақ, жауаптардың астында болатын белгішелерді (сұрақты өңдеу, жасыру, жауапқа пікір жазу,  т.с.с.) қарайтып және сәл үлкейтсе. Себебі сайттың фоны да ақ түсті, белгішелер де ақ түстес, "көрер көзге" көрінбейді. 

4. Кері байланыста жазған хаттарға жауап келетін болса. Ең болмаса "Ұсынымыңыз қарастырылатын болады" деген сөз де қолданушыларды ынталандырады деп ойлаймын.

5. Жауапқа қатысты сұрақ қоя алатын болсақ. Және де белгілердің қасына олардың аттарын жазылып тұрса.

6. Қолданушыларды іздейтін арнайы бөлім болса. Себебі көп адамдар СЖ сайтының қолданушыларын қалай іздеуді білмейтін сияқты.

7. Сайттың төменгі жағында бос тұрған сілтемелер бар ("Асықтар", "Сауалнама", "Видеонұсқаулық"). Олар өшірілсе немесе орнына басқа да "нәрселер" қойылса.

8. Маман дәрежесіндегілердің ешқандай қосымша мүмкіншілігі жоқ. Оларға да бір қарап қою керек еді.

9. Сайт безендірілгеніне қалай қарар едіңіздер? Мысалға мынадай ілмектер бұлты?

P.S. Ұсыныстарға көзқарастарыңызды жауап ретінде жазсаңыздар. Ұсыныстар ұнамаса да айтыңыз, пікірмен бөлісіңіз, қайсысы ұнады, ал қайсысы қисынсыз. Суреттердің барлығы Математикадан Сұрақ-Жауап сайтынан алынды.

Тағы да ұсыныстарыңыз болса жазыңыздар. Админға идея сала отырайық.
Ұсыныстар қарастырылып жатыр екен. 7-ші ұсынысымның нәтижесін көріп жатырмын. ))
4,5 сұрақ ұнады

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

6-ншы ұсынысыңды түсінбедім,қолданушыны іздеу керек болса жоғарыда сұрақ-жауап іздеңіз деген жерге өтіп,керек болған қолданушының нигін жазсаң таба аласың емес пе?!

Ал сауалнама,асықтар т., уақытша алынып тасталды,алдағы уақытта қайтадан шығатын болады деген.

Ал маман дәрежесіне қатысты сөйлескен болатынбыз,мен де,басқалары да.Маманды да алдағы уақытта жөнге келтіретінін айтқан.Оны жөндеу де оңай емес екен,қиын бірдеңе))

 

Мадияр, ұсынысты дұрыстап оқырсың келесіде. "Себебі көп адамдар СЖ сайтының қолданушыларын қалай іздеуді білмейтін сияқты" деген сөйлем бар, СЖ сайтына кіргендердің бәрі  бірдей мұны біле бермейді ғой.
Жұбатхан,сайтқа орынды орынсыз ұсыныс жасау бергенің дұрыс емес!Қолданушылар іздеуді білмейді деп іздеу жүйесін көбейте берген жарамас.Білмесе сайт ережесімен,видеонұсқаулықтармен толығырақ танысып шықсын.Білмейтін несі бар,тұрғой сұрақ-жауап іздеңіз деген жазу.
"Білмейтін несі бар,тұрғой сұрақ-жауап іздеңіз деген жазу." Сол жазудың қасына "СЖ қолданушыларын іздеңіз" деген жазу жазылса. Жұрттар біліп жүрер еді және артық сұрақтар туындамас еді.
+1 дауыс
4,5,6 осы ұсыныстарыңыз көңілге қонымды екен, маған ұнады.
+1 дауыс
1,2,5,8. Осы номерлардағы ұсыныстар ұнады. Ербол қолдайды деп ойлаймын)
+1 дауыс
2,5,6,8 осылар қосылса екен!!!
0 дауыс
2 - іншісі жақсы ұсыныс.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
7 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
...