0 дауыс
2.3k қаралым
Өмірде өлмейтін әрі өшпейтін, тұрақты әрі шынайы, кіршіксіз әрі адал қанша махаббат болады?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ондай жоқ десем мүмкін маған біреулер қарсы болар.Біреулер қазіргі күндікше махаббатына алданып маған менің сезімім өшпейді,тұрақты,шынайы,адал дер.Меніңше махаббаттың да мерзімі бар,мейлі ол біреулер үшін ұзақ болар,бірақ солады.

Алғашқы махаббат ұмытылмайды дейді,ұмытылмайтын ол сенің сол кездегі сезімің,сол қыз.Ал арадағы сезімнің өшкені махаббаттың ұмытылғаны деп есептеймін.Сезімнің өшкені махаббаттың өшкені.

Тұрақтылығы да уақытша нәрсе,Махаббат тұрақсыз,қыз-жігіт ретінде жүріп жүрген кездің өзінде тұрақсыздық пайда болады.Мысалы кездейсоқ басқа жанды кездестірдің,көңілің сол жанға аууы мүмкін ғой.

Махаббатқа бәрі бірдей адал емес дей алмаймын,адалдары бар.Бірақ ол кездесіп жүрген қыз бен жігіттің екеуінде бірдей емес,тек біреуінде болады.

Бұл менің көзқарасым.Бәлкім қате болар.Бірақ мен өз сезімімнің өшкеніне байланысты осындай пікірдемін.

 

+1 дауыс

Бір -ақ рет деп ойлаймын,  ол алғашқы махаббат.

Менің алғашқы махаббатым Асем дейтін қыз
+2 дауыс
Ол ата-ананың балаға,баланың ата-ана деген махаббаты ешқашан өлмейді,өшпейді.
Жоқ, қандай махаббат болса да бәрібір. Сіздің ойыңыз болса болды. Отанға махаббат болсын, басқаға деген махаббат болсын.
+1 дауыс
СҮйгеніңді ұмытуға бүкіл өмірің кетеді, онда шын сүйіктіңді кезіктірмегенің.
+1 дауыс
Тек бір рет қана болады. Егер шынайы махаббатыңызды толықтай жолықтырсаңыздар жоғалтып алмаңыздар!!! Өйткені шынайы сезім мен таза махаббат қайта айналып келмейді.
Әумин! Басыңа келсін)))
+1 дауыс

Ондай жағдай мүмкін емес деп ойлаймын өз басым

Қандай жағдай?
127,975
сұрақ
322,912
жауап
153,163
пікір
73,058
қолданушы
...