0 дауыс
18.0k көрілді
Көз тигеннің емі, белгілері? Қандай адамдардың көзі тиеді?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Көз тию – дәстүрлі қазақ қоғамындағы наным-сенім түрі. Қазақ халқы ұғымында жақсы адамға, жас нәрестеге, жүйрік жылқыға, әдемі қызға, т.б. тіл-көз тиеді деп есептелген. Бәйгеде озған жүйрік атқа көз тиеді деп сақтанып, елге көрсетпеуге тырысқан. Жас балаға тіл-көз тимесін деп молдаға дұға жаздырып, оны былғары бойтұмардың ішіне салып, мойнына тағып қойған немесе үстіндегі киімнің омырауының астыңғы жағына қадап қояды. Бала кенет науқастанып қалса, көз тиді, біреудің сұғы өтті деп жорып, оған ащылау әдісімен ем жасайды. Ащылау – тұзды уыстап, баланың жалаңаш денесіне басып, Көз тиюді қайыру әдісі. Жетісу өңірінде жеті ұсақ тасты тұмарша етіп шүберекке тігіп шолақ жең қамзолдың жағасының астыңғы жағына көзге түспейтіндей етіп тігіп қою салты бар. Бұл да тіл-көзден сақтану шарасы. Жас баланы көз тиюден емдеуді кейде үшкіру, түкіру деп те атаған. “Түкіру” көптеген халықтардың магиялық және діни әдет-ғұрыптарында маңызды рөл атқарады. Мысалы, жас келінге, нәрестеге қызыға қараған адамдарды көзің тиеді деп ырымдап, түкіруге мәжбүр еткізеді. Немесе біреуді мақтап жатқан кезде “тіл – аузым тасқа” деп айтады. Егер адамға, не малға көз тисе, “тіл кестіру” арқылы емдеген. Емнен кейін “құдайы” ас беріледі. Сауыққан адам біраз уақыт ешкіммен сөйлеспеуі керек.
Алған жеріңнің мекенжайын жазып жіберші?
Тіл кесу арқылы-дегенді қалай түсінуге болады?
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D0%B7_%D1%82%D0%B8%D1%8E
...