Ақбөпе, өмірден түңілуге не себеп болғанын түсіндірмегендіктен, сізге кеңес берудің өзі де қиындау. оның себептері тым көп (отбасындағы мәселелер, қарым-қатынас, мектептегі қиындықтар, бірсарынды өмір, т.б.). Бірақ өмірден түңілмеуге және позитивті көңіл-күйде жүруге себеп болатын басты нәрсе ол - Аллаһқа деген сенім және оның заңдарымен жүру, Аллаһты тануға ұмтылу. Сондықтан, қандай себеп болмасын әрқашан Аллаһтан оның шешімін іздеңіз дер едім. Әрине, айту оңай ғой деп ойлайтын шығарсыз, бірақ, Аллаһтың рақымында жүрмін деп сезіну үлкен күш береді, өз жеке өмірімнен айтып отырған кеңесім:) Және де, жақындарыңыздан алшақтамауға және спортпен шұғылданыңыз.