+2 дауыс
779 көрілді
Қан тапсырып, донор болу бір жағы денсаулыққа пайдалы , бір жағынан сауапты іс. Енді білгім келгені қандай адамдар қан тапсыра алмайды?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Донорлыққа тыйым салулар(донорлықтан тұрақты шеттету белгілері)

♦инфекциялық аурулар: В және С гепатиті, АИТВ-инфекциясы, ЖИТС, сифилис, туберкулез (барлық түрлері), туляремия, бөртпесүзек, лепра, В, С, АИТВ 1,2 вирустық гепатиттерінің маркерлеріне зерттеулердің оң нәтижесі, мерез;
♦иньекциялық есірткі тұтынушылары;
♦паразиттық аурулар: эхинококкоз, токсоплазмоз,
трипаносомоз, филяриатоз, ришта, лейшманиоз;
♦жіті трансфузиялық кеуекті энцефалопатиялар (далее -
ПТГЭ):  Куру, Крейтцфельда-Якоба ауруы, Герстманн Штреуслер синдромы, отбасылық анамнезде ЖТКЭ барлығы,
амиотрофикалық лейкоспонгиоз;
♦адам анамнезінде гипофиз, өсу гормоны препараттарымен емделгендер;
♦жүрек–қан-тамырлық аурулары: II-III деңгейдегі гипертензиялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз; атеросклеротикалық кардиосклероз; облитерациялайтын эндартериит, ерекше емес аортоартрит, қайталанба тромбофлебит, эндокордиттер,миокардиттер,жүрек кемістігі (туа және жүре біткен);
♦декомпенсация кезеңінде тыныстық жетіспеушілік белгілері бар тыныс алу мүшелері аурулары;
♦бауырдың созылмалы аурулары гепатиттер, соның ішінде токсикалық анықсыз этиологиялы, бауыр циррозы;
♦бүйрек және зәр жүру жолдарының декомпенсация кезеңіндегі аурулары; 
♦функция мен зат алмасуының қайтымсыз бұзылуы кезіндегі эндокринді жүйе ауруы, қант диабеті (инсулинге тәуелді нысаны);
♦орталық нерв жүйесінің органикалық аурулары;
♦дәнекер тіннің диффузиялық аурулары;
♦сәулелік аурулар;
♦көру мүшелерінің аурулары: толық соқырлық;
♦тері аурулары: генерализацияланған псориаз, витилиго, терең микоздар;
♦ЛОР (отоларингологиялық) аурулары: озена, күрделі ағындағы созылмалы іріңу-қабыну аурулары;
♦қатерлі ісіктер және қан аурулары;
♦қол-аяғының біреуінің алынуымен, паренхиматозды және/немесе қуыс ағза немесе мүше (бауыр, бүйрек, өкпе, асқазан) бөлігін алумен жүргізілген операциялар;
♦созылмалы және жіті остеомелит;
♦мүшелерді трансплантаттау;
♦психикалық аурулар, есту мен сөйлеуден толық айрылу аурулары;
♦анемнездегі анафилаксия расталған тұлғалар;
♦бір ағзадан артық зақымдалған аутоиммундық аурулар;
♦белгіленген генетикалық аурулар

дерек көзі

+2 дауыс
СПИД сынды түрлі жұқпалы аурумен ауратындар(әсіресе қана арқылы тарайтындар), қаны аз адамдардың бірінші кезекте қандарын тапсыруға болмайды.
+1 дауыс
Және ЕКІ ҚАБАТ яғни Аяғы ауыр әйелдер қан тапсыра донор бола алмайды!Себебі оларға қан өте қажет оны қайдан білем алдында женешеме звандады дәрігерлер сіздің қаныныз керек деп донор боласызба деп сол кезде женешем аяғым ауыр маған қан өзіме керек деді!Дәрігер кешірім сұрап телефонды тастап жіберді!
+2 дауыс
Және мына сияқты аурулар :Сары аурудың В және С түрімен ауыратынтар,Лейкоз т.б.
+3 дауыс
Қан қысымы жоғары, СПИД, сары ауру, бруцеллез, сифилис сияқты қан арқылы жұғуы мүмкін аурулармен ауыратындар, кәлеметке толмағандар және жасы келген кісілер.
...