+1 дауыс
Әлемдегі ең қымбат сурет қандай сурет? Бағасы қанша екен? Ол қай жерде сақтаулы? Толық ақпарат күтемін...
23.10.2013 1.0k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Уикипедияға сенетін болсақ, Поль Сезанның (Paul Cézanne) 'Карта ойнаушылар' (Card Players) атты 1892/93 жылдары салынған туындысы 2011 жылдың сәуір айында Катар елінің билік басындағы әулетіне(Тани әулеті) шамамен 250 миллион долларға сатылыпты. Сілтеме

23.10.2013
м... Дұрыс екен. Бірақ сен берген сілтемеде мынадай суреттер 5-6-ау екен. Сол суреттің көшірмелері ме, қалай өзі?
Карта ойнаушылар - 5 суреттен тұратын туынды. Соның 5-шісі - осы сурет. Әлемде ең қымбат бағаға сатылыпты. Қалғандары Еуропа, Америка мұражайларында сақталуда. Тағы басқа әлемнің қымбат суреттерін келесі сілтемеден көре аласың. http://en.wikipedia.org/wiki/List_of_most_expensive_paintings

Мынау 2-ші орында тұрған сурет) http://en.wikipedia.org/wiki/No._5,_1948
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,995Қолданушы