+4 дауыс
930 көрілді

Бұл суреттің аты «Оранжевый, Красный, Желтый». Бұны суретші Марк Ротко деген адам салған екен. Бағасы $ 86,9 млн. Бұл сурет неге осыншама қымбат тұрады? Қандай құдіреті бар? Мына жерде бар бағалары. http://libymax.ru/?p=43769

6 жауап

+1 дауыс
Шынымен -ақ неге сонша қымбат екен.Балабақшадағы балалардың қолына бояу берсе солар ақ салып береді.Мүмкін атақты суретшінің өз қолымен салған суреті болған соң шығар.
+1 дауыс
Меніңше, осы түстердің бір мән-мағынасы бар секілді. Немесе бұл сурет Испания мемлекетінің туына ұқсас болған соң шығар....... Немесе суретті салу әдісі қиындауәрі ерекше құралмен салғаншығар.......Мысалы: қолмен деген секілді ше........
+1 дауыс
Қызыл түс денсаулықтың,сарғылт түс бақыт пен қуаныштың,сары түс сана-сезімнің түсі.Мүмкін сыры осы болар.
+1 дауыс
Мына түстерге анықтап назар аударсақ қарапайым бояулар емес. Ғасыр өтседе өзінің өңін жоғалтпай тұра беретін бояу сынды. Ал, түп мағынасын кәсіби суретшілер білуі мүмкін.
0 дауыс
өйткені атақты суретші салғандықтан ол сондай қымбат болған шығар сурет салу үшін қаншама еңбек керек сондықтан қымбат шығар
+3 дауыс
  1. Салған суретшінің атағына қарай
  2. Пайдаланған майдың түріне
  3. Холстқа
  4. Салынғанына қанша жыл болғанына
  5. Қанша уақыт бойы салынғанына (ұзақ болса қымбат)

қарай бағаланады. Осыларға қоса суретшілер өзінше суреттің әдемілігін де бағалайды ғой. Көбінесе аукционда сатылған соң бағалары көтеріледі. Және абстракция жанрында (түсініксіз) салынған суреттер жоғары бағаланады. Суретшілердің "өз әлемі" бар ғой, суретті өздерінше түсінеді. Оны түсіну үшін суретші болу керек шығар.

...