0 дауыс
3.7k көрілді
Бір жерлерден оқып едім.Бетіңді буға ұстасаң пайдалы дейма?Толығырақ айтыңыздаршы.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бетті ыссы бумен булап, сосын тазалайтын әдістер бар. Бетті буға ұстағанда беттегі тері тесікшелері ашылады, қан айналымы жақсарып, бет терісінде зат алмасу процесстері тездетіледі. Бұдан кейін бет терісі жаңарып, адамның өңі кіреді, ұсақ бөрітпелерден тазарады. Бұл косметологияда ең қарапайым манипуляция болып саналады. Бет терісін буда ұстаған кезде аса абай болу керек, егер қалыпты температурадан асып кетсе бет терісін және тыныс жолдарын күйдіріп алуың мүмкін. Бұл өте қауіпті, бетте күйік ізі қалып қалып және тыныс жолдары қабынуы мүмкін. Будың емдік қасиеті жоғары болу үшін өзіңе ұнайтын емдік шөптерді қайнатып, соның буына бетіңді булауға болады. Мысалы: ромашка, календула. Егер бетіңде, мұрныңда қара дақтар болса, булап болған соң ақырындап сығып, тері тесіктерін тазартуға болады. Бірақ жарақаттап алмау керек. Бетті булауға қарсы көрсетілімдер баршылық. Мысалы беттегі қантамырлардың теріге жақын орналасуы, купероз, бетте іріңді жара болса, іріңді безеу болғанда, бет терісінің микозында, ыстығы көтеріліп ауырғанда. Негізі көп есіме түскендері осы болып тұр..... Дәріханаларда бетті булауға және тыныс жолдарына ингаляция жасайтын арнайы булағыштар бар, бұлар қолдануға ыңғайлы және будың температурасын өзіңе ұнайтын етіп реттеуге болады. Мүмкіндік болса бұл заттың әр үйде болғаны дұрыс. Бетті де тазартуға болады, суық тигенде жөтелді де емдеуге болады.
Булаганнан кейын маска дасауга болама
+2 дауыс
Бетіңізді ыссы буға ұстасаңыз күйіп кетеді. Қалыпты мөлшерде болса беттің жасушаларын ретке келтіреді.
0 дауыс
Әрине пайдалы . Беттегі қара дақтардан , безеулерден құтылуға көмектеседі

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
asemnur 21.07.2016 Денсаулық сұрақ қойды
0 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
11 жауап
...