0 дауыс
8.3k көрілді
Қазақ тілінде буын құрай алатын дыбыстар?

2 жауап

0 дауыс

 

Кез келген сөзді дауысты буыннан бөлінеді немесе қос дауыссыздан

мысалы ; Ба - ла- лар   дауысты дыбыстар 

Қа-зақ, Ал-ма-ты, Ас-та-на

0 дауыс
Және де буын түрлері

Буынға тән белгілер:
1. Дауысты дыбыссыз буын болмайды.
2. Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
3. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
4. Буында мағына болмайды.
5. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай - ақ буындар қатар келген екі дауыссыздан басталмайды.(Сқақ - Ысқақ, Сланов - Сыланов)

Буынның түрлері: Ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
Ашық буын деп - жалғыз дауысты дыбыстан құралған буын. Мысалы: А - та, и - не, а - ға, е - ре, о - ра, а - па т. б. Дауыссыздан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы: ке - ме, да - на, ба - ға, же - бе, са - ры, кө - ше - де, ме - ре - ке т. б.
Тұйық буын деп - дауыстыдан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: ел, от, ер, ит, ар, ес, ұлт, ау, өрт, өс, ін, оқ, ор, ақ, іс, аш т. б.
Бітеу буын деп - дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: серт, тон, мек - теп, төрт, сый - лық, нау - рыз, бай - лық, Бек - сұл - тан, Сұл - тан - мах - мұт т. б.
...