0 дауыс
Атамның бір көзін аппақ шел басып қалды. Толық емес бір шетін. Қалаға апарып келу керек болып тұр. Жақсы бір хирург табылса шелді сылып тастайды дейді. Аппақ шел-ол қалай пайда болады? Себебі не? Операциясыз ақ шелді кетіруге бола ма?
22.10.2013 10.5k қаралым

3 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Шелдің басуы медицинада ПТЕРИГИУМ деп аталады. Пайда болу себебі сыртқы орта факторлары ( күннің ультракүлгін сәулесінің көп түсуінен, желді аймақта тұруынан), көздің жиі қабыну ауруларынан, кейде жанұялық бейімділік себебінен болуы мүмкін. Негізгі емі оперативті  (кейде опеациядан кейін де қайталанады) . Операциясыз дәрі дәрмек күшімен кетіру әзірше мүмкін емес өкінішке орай. Тек өсуін тежеуге болады
22.10.2013
+1 дауыс
Көркем қыз! Көздің шелін операциясыз лазерлік әдіспен алып тастайды.
22.10.2013
0 дауыс
Лазермен шелді алу канша турады екен?
01.02.2017
127,958Сұрақ
322,872Жауап
153,169Пікір
72,976Қолданушы