0 дауыс
14.4k көрілді
Адамнын көзін шел басқанда оны қалай жою керек?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Катаракта[1] (гр. katarrhaktes – сарқырама) – көз бұршағының бұлдырап, қарауытып, ағаруымен сипатталатын көз ауруы. Салдары Катаракта кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі қиындайды,көздің көру қабілеті кемиді. Катарактаның пайда болуы әр түрлі жағдайларға (қарттық,жарақаттану әсерінен, әр түрліаурулардың асқынуы салдарынан, тағы басқа) байланысты. Бұл аурудың туа және жүре пайда болатын түрлері бар.
*Белгілері* Морфологиялық белгілері мен орналасуына қарай: алдыңғы үйектік Катаракта, артқы үйектік Катаракта, ұршық тәрізді Катаракта, қатпарлық катаракта түрлері ажыратылады. Жүре пайда болған Катаракта кезінде көз бұршағының айналасында боз дақ пайда болып, бірте-бірте көз бұршағын толықтай жабады. Көздің көру жітілігі төмендейді. Көз бұршағының қарауытуы қарашықтың тұсында басталса, көру жітілігінің төмендеуі ерте пайда болады. Ал егер қарауыту көз бұршағының шет жағында пайда болса, көздің көру жітілігі ұзақ сақталады. Жүре пайда болған катаракта Кейде 50 жастан кейін пайда болып, бірте-бірте үдейді. Қант диабеті, экзема, зат алмасудың бұзылуы, ұзаққа созылған көз аурулары (көздің тамыр қабығының қабынулары – прит, венит, көз торының қатпарлануы, алыстан нашар көрушіліктің асқынған түрі, су қараңғы, тағы басқа), көздің жарақаттануы жүре пайда болған Катарактаға әкеледі. Сондай-ақ, ыстық температурада (балқыту пешінің жанында) ұзақ уақыт жұмыс істеу немесе көзге тиісті қорғаныш көзілдірік кимей иондандырғыш сәуленің әсерімен жұмыс істеу Катарактаның асқынуына себепші болады. Катарактаның бұл түрінің клиникалық белгісі: сырқат адамның көзінің алдында бір нәрсе тұрғандай болады. Іштен туа біткен Катаракта құрсақтағы ұрықтың дамуы кезінде пайда болады. Бұған екіқабат әйелдің жұқпалы аурулармен (тұмау, қызамық, тағы басқа) ауруы
себепші болады. Алдын алу Жаңа басталған Катарактаның алдын алу үшін дәрі-дәрмекпен емдейді. Көз  ұршағының қарауытуы үдей түскен жағдайда хирургиялық әдіспен емдеу қажет. Операция жасағаннан кейін, бұршағы сылынған көз жарық сәулесін сау көздей сындыра алмайды, сондықтан көздің көруі біраз кемиді; көздің көруі көзілдірік кигеннен кейін немесе көзге жасанды бұршақ салу арқылы қалпына келеді. Катарактамен ауыратын адам майлы және тұзды тамақ жемей, витаминдерге бай тағамдарды жегені дұрыс.
0 дауыс
Салеметсізба! Сурагым паромның екі көзін шел басып кетті оған не істеу керек, жане де ортадан кейінгі күтімі қандай, қайта қаталанбайма????? Ответьте пожалуйста

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
5 жауап
Белгісіз 24.08.2013 Денсаулық сұрақ қойды
...