0 дауыс
711 көрілді
Қазақ зиялыларының барлығы бай балалары болған және олар шовинисттер, ұлтшылдар, мемлекет ішінен мемлекет құруға тырысқан сатқындар деген пікірге көзқарасыңыз? Мен осы пікірді m.virus.2013 және Аl-Aster деген екі қолданушыдан естігенмін және де олар жасы да, жолы да үлкен болғандықтан қоя салғанмын. Жұрттар қалай қарар екен?

Егер аты аталған ағаларым, сұрақты көріп қалсаңдар, не жазғандарыңды дәл осы жерде қайталап жазыңдаршы.  Мен "Қазақ ұлтының жойылуы неден болады?" деген сұрағымда жазған пікірлеріңді (https://surak.baribar.kz/363269/  өкінішке орай өшірілген) осында қайталап жазсаңдар.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
ЖОҚ олар сатқын болмаған,олар сатқын болса елімізді кім қорғады?Оны айтып жүрген білгішсымақ орыстар шығар,солар ғой қазақтарға ,ұлт зиялыларына сатқын деген атақ берген де солар ....
Сатқын емес, сол кездегі мемлекеттік құрылымға қарсы шыққан қылмыскерлер.
Сонда олардың істеген істері дұрыс емес дегің келеді ғой? Қазақстанды патша өкіметінің езгісінен құтқарғысы келді, ҰЛТ ЖАНАШЫРЛАРЫ болды. Сонда олар тура жолдан айныды ма?
Патша өкіметінің дейсің ба? Сепаратизм ешуақытта да жақсылық әкелген емес.
+1 дауыс
Жұбатхан! Алты арыс, қыртым-сыртым дегендердің бәрі де бай-шонжарлардың балалары, сепаратистер және таза халық жаулары. Сталин дана адам, оларды бекер атып тастаған жоқ.
Бес арыс пен үш бәйтерек деген кісілер де ме?
онда неге олар қазақты уайымдады?Оян қазақ-тап қазақты оятуға тырысты,бес арыстың бірі ахмет байтурсынов қазақ газетін шығарды.Мейлі олар бай болса болған шығар,бірақ сатқын болды (cталин бекер атып тастаған жоқ) деген сөзді айтуға аузым да бармайды
Қазақтың көзі ашық азаматтарының бәріне жала жабылып отыр, олардың көбісі бай болмады. Шоқан, Ыбырай, Абай деген кісілер бай болғанымен анау айтқандай "Мемлекет ішінен мемлекет ашуға тырысты, ұлтшыл, шовинист" болды деуге келмейді. "Абай жолын" оқысаң көресің: Абай басынан аяқ орыс ілімін насихаттап өтті, орыс жазушыларын құрметтеді. Шоқан империялық  Ресейге көп еңбек сіңірді, әскеріне де, ғылымына да, зерттеулеріне де. Ыбырай қазақ халқының көзін ашуға тырысқан кісі, оған дәл осындай сөз айту да қисынсыз.
...