Қазақтың көзі ашық азаматтарының бәріне жала жабылып отыр, олардың көбісі бай болмады. Шоқан, Ыбырай, Абай деген кісілер бай болғанымен анау айтқандай "Мемлекет ішінен мемлекет ашуға тырысты, ұлтшыл, шовинист" болды деуге келмейді. "Абай жолын" оқысаң көресің: Абай басынан аяқ орыс ілімін насихаттап өтті, орыс жазушыларын құрметтеді. Шоқан империялық Ресейге көп еңбек сіңірді, әскеріне де, ғылымына да, зерттеулеріне де. Ыбырай қазақ халқының көзін ашуға тырысқан кісі, оған дәл осындай сөз айту да қисынсыз.