+2 дауыс
47.6k көрілді
Менің тісім қатты ауырып жатыр.Тіс ауырғанда не істеуге болады үй жағдайында?

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Тіс жауырса жаныңды қоярға жер таппай өзіңді-өзің өлтіргің келеді. Мына бір кеңестерге құлақ асыңыз:

Тісіңіздің айналасына йод жағыңыз бірақ ашып ауырады шыдауыңыз керек бірақ нәтижесі бар.

Тіс ауырса, кішкентай бала түгілі, үлкен кісілер мазаланып, есі кетеді. Тістің қақсағанына шыдамсыздық танытып, тыным таппай жатады. Бірі көбі тіс дәрігерінен қорқып, түрлі дәрі-дәрмектер ішіп, аурудың алдын жатса, бірі стоматологиялық ауруханаға жетуге асығады. Аяқ асты тісіңіз ауырған жағдайда қандай шара қолдану керектігі туралы білу үшін айтар кеңесімізге зер салыңыз.

Тістің аяқ асты ауыруына бірнеше себеп бар. Бұл тіске кариестің түсіп, қажалуынан немесе эмальдің әлсіреуінен пайда болуы мүмкін. Мұның да пайда болуы бірнеше себептерге байланысты: тәтті тағамдар мен газдалған сусындарды көп мөлшерде пайдалану, сағызды ұзақ шайнау, тіс күтіміне салғырт қарау, тіс ауруларын алдын алмау т.с.с.

Тістің ауырғаны ең әуелі жүйке жүйесіне әсер береді. Ол суық, ыстық, тәтті, қышқыл тағамдарды жеген кезде, ауа тигенде сезіледі. Содан кейін температура көтеріліп, ұйқы қашып, бас айналып, адамның бет жүзі ісіп кетеді. Бұл кезде үйдегі дәрі-дәрмек қобдишасында жатқан Баралгин, Кетанол, Нурофен, Анальгин, Аспирин сияқты дәрілерді қабылдауға болады.

Қол астыңызда бұл дәрілер болмаған кезде халық емін пайдаланыңыз.

Тіс ауырған кезде алдымен тісіңізді тазалап алыңыз. Ауыз қуысын тұз, ас содасы қосылған жылы шумен шайып тұрыңыз. Сондай-ақ, көк шөпті қайнатып, суыған кезде тіске басып, ауыз қуысын тазалауға болады.
Ауырған тістің орналасқан жағына қарай, оң я сол қолыңызға сарымсақ бөлігін дәкімен таңып қойыңыз.
Үккіштен пияз бен сарымсақты өткізіп, оны тұз және содамен араластырыңыз. Содан кейін оны дәкіге орап алып, ауырған тіске басыңыз. Бұл шараны күніне 2-3 мәрте әр 2 сағат сайын қайталауға болады.
Мұз кескінін алып, оны сүлгімен орап, тіс ауырған жаққа басыңыз.
Ауырған тіс жақтағы құлағыңызды ұстап, сағат бағытымен бес минут уқалаңыз.
Қолыңызға мұз кескінін алып, алақан аясында домалатыңыз.
Тіс ауырғаны басылып, жаныңыз жай тапқан кезде денсаулыққа салғырт қарамай, дереу тіс дәрігеріне жолығып, қаралыңыз. Себебі, тістің ауырғаны басылғанымен оның артынша тіс аурулары пайда болып, созылмалы түрге көшуі әбден мүмкін. Сондықтан да, тіс ауруларының алдын алып, тіс күтіміне аса мән берген абзал.

Жақсы кеңестер екен, бірақ йод ерітіндісін тіс түбіне жақса , қызыл иекті күйдіріп тастамай ма? Ашытса, онда күйдіргені ғой ,әлде ашығаны соншалық тістің ауырғанын ұмытып кете ме. Жалпы йодты байқап пайдаланған дұрыс.Тіс дәрігеріне баруға ақшаң болмаса, онда аналгетиктердің біреуін ішу керек. Ең бастысы тісті екі мезгіл тазалап, минералдарға бай тамақтармен таматанып, ауыратын жағдайға жеткізбеу керек.
0 дауыс
мысалы оң жағыңдағы тісің ауырса сол жақ қолыңның тамырына сарымсақты ашып ортасынан бөліп бинтпен тамырдың үстіне байлап қоясың сол жақ болса оң жақ қолыңа байлайсың. тісті жақсылап содамен шайып анальгинди 4ке бөліп ауырған тістің үстіне еріп кеткенше салып қою керек олда жақсы. ал ең жақсысы дәрігерге барып емделген)) тіс ауырғаның қандай екенін өөөөөтеее жақсы білем сондықтан емделген дұрыс))
0 дауыс
Алоэ Вераның ГЕЛЬ ДЛЯ ЗУБОВ деген пастасын қолдансаңыз жақсы көмектеседі
0 дауыс
аурса жұлдырып таста өз өзіңді қинамай.
0 дауыс
Тіс асырған Баралгин,Кетанол,нурофен деген дәрілерді ішсеңіз болады .Және күнделікті тіс жуып тұз .содамен шайу керек
0 дауыс
Тіс әбден үйреншікті болып кетеді ауыра берген соң, ең дұрыс шешім тіс дәрігеріне барып қаралғанымыз дұрыс
0 дауыс
Адраспан ды шайнекке қайнатып қайнағасын буымен тісті құлақты ауыз қуыстарын буласа болады әрі гаймарид кеде жақсы булағанда көрпе не адиял сияқты нәрсемен үстіңізден жауып буланған жақсы жалпы ем болсын
...