+1 дауыс
208k көрілді
Маған туған жер туралы шығарма қажет?
Жоспар болса егер жаксы болгар еди алдын ала рахмет

10 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

+4 дауыс

Адамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың ен байлықтардың қайнар көзі және өмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, адам бойында үш қабілет ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы мен ой-парасаты. Осындай көзқарастың қалыптасу мен даму тарихына көз жүгіртсек, оның адам баласының табиғатты танып-білуімен тікелей байланыстылығын аңғарамыз. Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғышарттар болып саналады. «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештеме болуға мүмкін емес», - деген екен оқу-тәрбие мәселесіне көңіл бөлген философ, психолог-ғалым Ж.Аймауытов. Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын да мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады.

Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,
Ренжітсең, күрсініп, жылап та алар.
Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар.

(Мәрзия Аяғанова)

Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат мейір төксе, бар әлем құлпырып жүре береді. Адамның мейірімі де осындай. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады», - дегендей, жағымды сөз, әдепті қылық, пайымды әрекет адам жанын жадыратып, уайымын, қайғысы мен қасіретін ұмыттырады, жағдайын жеңілдетеді, өмірге құлшынысын арттырады. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет қалыптарын өзіне алады және мәңгіге алады.

Табиғат пен адам, егіз әлем ретінде, бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір-біріне сый, құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі.

Адам – табиғат перзенті. Ол суға, жерге, айға т.б. оларды жаратқан тәңірге табынады, жалбарынады. Жазушы А.Байтанаевтың: «Жұлдызды қайдан ұстауға болады?» деген әңгімесіндегі кішкентай Беріктің атасының сөзіне назар айдарайық.

«Е, жаратқан, сен көктесің, құдіретсің, ешкім саған шек келтіре алмайды. Жердегі пенделеріңе шарапатшы бол! Шаршағанды демей гөр, ашыққанды жебей гөр, теріс жолдағының санасына сәуле түсір! Жақсы ойлының тілегін оңғар! Пенде атаулының бейәдеп қылығы болса, кеше гөр, тәңірі, сен мейірімдісің ғой! Шарапат-шапағатыңнан ешкімді тыс қалдырма, хақ тағала! Әумин!».

Адамзат баласы өзінің ғана емес, бүкіл ғаламның аман-саулығы үшін жаратылыс алдында өзін борыштар сезінері хақ.

Тіршілікте төрт құдірет – Күн–ана, Жер–ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден туған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп таңданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, тісімен құс тістеген ақындар мен шешендер бүкіл қазына-байлықтың қымбаттысы – табиғат күйін ғибрат сөздеріне, толғау-термелеріне арқау еткен. Олар табиғат күйін адамның көңіл күйіне салғастыра жырға қосқан.

Рухани байлық табиғатқа деген сыйластықпен жасалмақ. Жас ұрпақтың бойына оны сіңіру, олардың қоршаған ортаға қарым-қатынасын, сол арқылы өмірге деген көзқарасын ояту, соған сай мінез-құлқын қалыптастыру – аға ұрпақтың міндеті. Қазақ халқының атадан балаға қалдырған даналығы – «көкті жұлма», «шөпті таптама» – табиғат көріністеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы, туған жер табиғатының бұрынғыдан да жайнап, гүлденуіне ықпал жасауды мақсат еткені. Артына «Шипагерлік баян» атты ғылыми еңбек қалдырған Өтебойдақ Тілеуқабылұлы адамның өз ғұмырында міндетті түрде орындауға тиісті жеті шартты көрсеткен, оның төртеуі табиғатқа байланысты болған. Олар – «көктеп келе жатқан өскінге тиіспеу, көбеймелі жорғамалдарға тиіспеу, қарлығаштарға тиіспеу, көз ашпаған шикілікке тиіспеу». Бұл – табиғатты аялап сақтаудың да үлкен адамгершілік екендігін көрсеткен баба өсиеті. Көшпелі өмір, осылайша, қазақты табиғатпен етене байланыстырған. Өмір озған сайын адам табиғаттың тылсым күшіне, заңдылықтарына тереңдеп бойлаған.

Табиғатты ұмыту – өз басымызды ұмыту деген сөз. Имандылық пен мейірбандылық – өркениеттің белгісі. Жас бала табиғат тіршілігін тамашалай отырып, оны сүю барысында үлкен адамгершілік сезімге ие болады, өзін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде сезінеді.
Мен тимеймін, жасқанба,
Дос болайық, көбелек!
Жайнап тұрған бақшамда,
Гүлдерімді көре кет.
Тұтқиылдан састыра,
Жаңбыр жауса себелеп,
Тақиямның астына
Тығыла ғой, көбелек. (Асқаржан Сәрсеков)

Қандай нәзік сезім! Бала мен көбелек – табиғат перзенттері, олардың арасындағы сыйластық кімнің болса да өңіне күлкі, жүрегіне мейірім ұялатады.

С.Экэюпери: «Ең үлкен сән-салтанат – адамдардың қарым-қатынасының салтанаты» - деген екен. Бұл сөзді адам мен табиғаттың ара қатынасына байланысты да, адамдардың бір-бірімен көңіл жарастығын табуына байланысты да айтуымызға болады. Ондай жағдайда рахат күй кешеріміз анық. Жастарға да осылайша эстетикалықтәрбие беру, оларды табиғат байлығына сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу – олардың бойында адамгершілік сезімін қалыптастыру, шарапатты болуға бейімдеу екендігінде дау жоқ.

А.Мұсабекова

+4 дауыс

Алыстан мұнарланып шалқыған көл, 
Бетінде күннің нұры балқыған көл. 
Жарысып саф күмістей ақ көбігің, 
Мәп-мәйда мөлдірінде қалқыған көл. 
Сасық деп еркелетіп ат қойған көл... 
От-суға иең тұрсын жат тойған көл, 
Назданып жүйрік мініп, тарлан шүйіп 
Көксілдер тұс-тұс жақтан ат қойған көл...

- деп келетін Мағжанның «Туған жерім — Сасықкөл» өлеңі бастан-аяқ тұнып тұрған сурет қой. Оны оқығанда кебісін шешіп, су алған қыз-келіншектер, атын келіп суарған жігіт-желең, тайға мініп жарысып, сазға аунап алысып, ертелі-кеш күрескен балалар, айдында шоршып ойнаған балықтар мен қыздай сыңсып, құспен қосыла әндеткен қамыстар, сыртындағы ақ балтырлы қайың шоғының саясына тігілген ақбоз үйлер, сары қымыз сапырып, кеңес құрған қариялар, бай мен кедейі тең бұрынғы ауылдың тыныс тіршілігі маржандай тізіліп көз алдыңа келеді. Көл жағалай қоныстанған сол Атығай ауылдары кешегі күштеп ұжымдастыру жылдары осы айналасы сыңсыған ақ қайың Сартомарға келіп, мал-мүлкін орталыққа өткізіп, артельге ұйысқан еді. Солардың ортасында ауқаты әжептәуір Жұмабай әулеті де болатын. Ұлттың ұлы ақыны Мағжанның туған жері осы Сартомар ауылы саналатыны да содан. 
       Сартомар кезінде тұрғындары жүз түндікке жуық ақар-шақар ауыл болыпты. Алғаш ауылдық кеңестің кеңсесі де осында орналасыпты. Сол төңіректегі тұңғыш телефон да осында орнатылған көрінеді. Ол туралы ел аузында бір әзіл әңгіме де бар. Кеңес төрағасы жұмыс бабымен көрші «Теңелдік» ауылына бара жатып, хатшысына «анау телефонды әкеп, арбаның алдына сал, барған соң ауданмен сөйлесуге керек болады», дейді. «Ойбай, орнынан қозғаған соң ол жұмыс істемейді», деген хатшы сөзіне бақпай, қабырғадағы ағаш телефонды жұлып әкеліп, арбаға салдырады. Барған жерде жұмыс қай көңілден шыға қойсын, басекең «бәріңді ауданға телефондап соттатып жіберейін» деп жалма-жан телефонның құлағын бұрап: «Алло, алло, аудан!» дейді. Үн жоқ. «Алло, алло, аудан!» дейді. Үн жоқ. «Алло, алло, аудан!» дейді, үн жоқ. Сонда ыза боп кеткен ағамыз: «Сартомарда сайраушы едің, теңелдікке келгенде, тілің байланып қалды ма?» деп телефонды теуіп жіберген екен. 
       Дүрілдеп тұрған сол Сартомар бертін бөлімше боп қалып, біраз үй жұмыс жағдайымен, бала оқыту қамымен кеңшар орталығына көшіп кетіп, ауыл іргесі әжептәуір сөгілді. Тың игеруге келгендердің кеңшар орталықтарын қасақана орыс селоларынан ашқаны белгілі ғой. Сонда да құт қонып, бақ дарыған жер емес пе, Сартомар ұлы перзентінің атына көлеңке түсірмей, сол өңірдегі қаласы бүтін ауылдардың бірі болып отыр. Көшелері оқтай түзу, үйлерінің іргесі қоршалып, ағаш отырғызылған. Қасында кітапханасы, көркемөнерпаздар үйірмесі бар сәулетті мәдениет үйі жұмыс істеп тұр. Ауылдың өз мешіті бар. Жанында қоғамдық интернат жұмыс істейтін орта мектепте жүзден астам шәкірт сапалы білім, саналы тәрбие алып жатыр. 
       Сырт сәулеті көз тартатын сол мектептің алдында қазақ жырының шын мәніндегі құлагері, жорға тілді, жарқын үнді ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың еңселі ескерткіші анадайдан көзге түседі. Осы ескерткіштің алдында оңға қарай ақынның өзі туған үйінің үлгісін сақтай отырып салынған мұражайы тұр. Дүлдүл ақынның жүзжылдық мерейтойы тұсында жан-жақтан келген құрметті қонақтармен бірге бұдан он бес жыл бұрын бір кіргеніміз бар еді оған. Одан бері ғимарат жаңадан жөнделіп, жаңа жәдігерлермен толығып, жұмысы недәуір жанданыпты. Алдыңғы бөлмеге кіргенде ақынның ақ мәрмәрдан жасалған кеуде мүсінін көріп, бас иіп тағзым етесің. Үлкен бір бөлме оның шығармашылық еңбегін баяндауға арналған. Онда алғаш жарық көрген «Туған жер» өлеңі мен 1912 жылы Қазан қаласында басылып шыққан тұңғыш жыр жинағының көшірмесінен бастап, шығармашылық белестерін баяндайтын түрлі құжаттар мен суреттер бар. Бір бөлме — ақынның тұтынған заттары, киген киімдері. Ал жұмыс кабинетінде жазу үстелінің тұсына ілінген В.И. Лениннің суретіне қарап, таңданып тоқтай қалдық. Мұның мәнісін мұражай меңгерушісі баяндады. Баяғы Мағжанның шығармаларын былай қойып, атын атап, суретіне қарауға тиым салынған тұста бір досы осы портреттің сыртына ақынның қазіргі белгілі суретін жасырып, сақтаған екен. Сондықтан көсем суреті де құнды жәдігер ретінде мұражайдан орын алыпты. 
       Мұражайдың ең жаңа жәдігері — Кәкімбек ағамыздың, кәдімгі көрнекті қоғам қайраткері, айтулы ақын Кәкімбек Салықовтың «Мағжанға тағзым» атты жыр жинағы. Бұл кітапқа оның ұлы ақынға арналған өлеңдері мен дастандары кіріпті. Мағжанға арналған лирикалық көріністер мен тың ұғымдар жинақтың шырайын ашып, мазмұнын айшықтап тұр. Жинақтың алғашқы беттерін ашқанда көзіңе шалынатын:

Төте жүрді, бұра тартып шашылмай, 
Жалау етті жан кеңесін жасырмай. 
Әр сөзінде мұң мен шердің ізі бар, 
Тазалығы көздің мөлдір жасындай. 
Қысқа ғұмыр... 
Маңызы бір ғасырдай, 
Ойы сергек, тілі сайдың тасындай,

- деген жолдарын оқып, ұлы ақынның алаулаған жан әлеміне сүңгіп, көз жасындай мөлдір, мірдің тасындай өткір жырларын тағы бір еске алып, терең тебіренетінің анық. 
       Жалпы, ғимараттың іш-сырты халқымен жарты ғасырдан кейін әрең қауышқан жыр пайғамбарының рухымен тыныстап тұрғандай.

+2 дауыс
Адамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың ен байлықтардың қайнар көзі және өмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, адам бойында үш қабілет ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы мен ой-парасаты. Осындай көзқарастың қалыптасу мен даму тарихына көз жүгіртсек, оның адам баласының табиғатты танып-білуімен тікелей байланыстылығын аңғарамыз. Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғышарттар болып саналады. «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештеме болуға мүмкін емес», — деген екен оқу-тәрбие мәселесіне көңіл бөлген философ, психолог-ғалым Ж.Аймауытов. Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын да мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады.

Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,

Ренжітсең, күрсініп, жылап та алар.

Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат болар.

(Мәрзия Аяғанова)

Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат мейір төксе, бар әлем құлпырып жүре береді. Адамның мейірімі де осындай. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады», — дегендей, жағымды сөз, әдепті қылық, пайымды әрекет адам жанын жадыратып, уайымын, қайғысы мен қасіретін ұмыттырады, жағдайын жеңілдетеді, өмірге құлшынысын арттырады. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет қалыптарын өзіне алады және мәңгіге алады.

Табиғат пен адам, егіз әлем ретінде, бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір-біріне сый, құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі.

Адам – табиғат перзенті. Ол суға, жерге, айға т.б. оларды жаратқан тәңірге табынады, жалбарынады. Жазушы А.Байтанаевтың: «Жұлдызды қайдан ұстауға болады?» деген әңгімесіндегі кішкентай Беріктің атасының сөзіне назар айдарайық.

«Е, жаратқан, сен көктесің, құдіретсің, ешкім саған шек келтіре алмайды. Жердегі пенделеріңе шарапатшы бол! Шаршағанды демей гөр, ашыққанды жебей гөр, теріс жолдағының санасына сәуле түсір! Жақсы ойлының тілегін оңғар! Пенде атаулының бейәдеп қылығы болса, кеше гөр, тәңірі, сен мейірімдісің ғой! Шарапат-шапағатыңнан ешкімді тыс қалдырма, хақ тағала! Әумин!».

Адамзат баласы өзінің ғана емес, бүкіл ғаламның аман-саулығы үшін жаратылыс алдында өзін борыштар сезінері хақ.

Тіршілікте төрт құдірет – Күн–ана, Жер–ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден туған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп таңданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, тісімен құс тістеген ақындар мен шешендер бүкіл қазына-байлықтың қымбаттысы – табиғат күйін ғибрат сөздеріне, толғау-термелеріне арқау еткен. Олар табиғат күйін адамның көңіл күйіне салғастыра жырға қосқан.

Рухани байлық табиғатқа деген сыйластықпен жасалмақ. Жас ұрпақтың бойына оны сіңіру, олардың қоршаған ортаға қарым-қатынасын, сол арқылы өмірге деген көзқарасын ояту, соған сай мінез-құлқын қалыптастыру – аға ұрпақтың міндеті. Қазақ халқының атадан балаға қалдырған даналығы – «көкті жұлма», «шөпті таптама» – табиғат көріністеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы, туған жер табиғатының бұрынғыдан да жайнап, гүлденуіне ықпал жасауды мақсат еткені. Артына «Шипагерлік баян» атты ғылыми еңбек қалдырған Өтебойдақ Тілеуқабылұлы адамның өз ғұмырында міндетті түрде орындауға тиісті жеті шартты көрсеткен, оның төртеуі табиғатқа байланысты болған. Олар – «көктеп келе жатқан өскінге тиіспеу, көбеймелі жорғамалдарға тиіспеу, қарлығаштарға тиіспеу, көз ашпаған шикілікке тиіспеу». Бұл – табиғатты аялап сақтаудың да үлкен адамгершілік екендігін көрсеткен баба өсиеті. Көшпелі өмір, осылайша, қазақты табиғатпен етене байланыстырған. Өмір озған сайын адам табиғаттың тылсым күшіне, заңдылықтарына тереңдеп бойлаған.

Табиғатты ұмыту – өз басымызды ұмыту деген сөз. Имандылық пен мейірбандылық – өркениеттің белгісі. Жас бала табиғат тіршілігін тамашалай отырып, оны сүю барысында үлкен адамгершілік сезімге ие болады, өзін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде сезінеді.

Мен тимеймін, жасқанба,

Дос болайық, көбелек!

Жайнап тұрған бақшамда,

Гүлдерімді көре кет.

Тұтқиылдан састыра,

Жаңбыр жауса себелеп,

Тақиямның астына

Тығыла ғой, көбелек. (Асқаржан Сәрсеков)

Қандай нәзік сезім! Бала мен көбелек – табиғат перзенттері, олардың арасындағы сыйластық кімнің болса да өңіне күлкі, жүрегіне мейірім ұялатады.

С.Экэюпери: «Ең үлкен сән-салтанат – адамдардың қарым-қатынасының салтанаты» — деген екен. Бұл сөзді адам мен табиғаттың ара қатынасына байланысты да, адамдардың бір-бірімен көңіл жарастығын табуына байланысты да айтуымызға болады. Ондай жағдайда рахат күй кешеріміз анық. Жастарға да осылайша эстетикалық тәрбие беру, оларды табиғат байлығына сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу – олардың бойында адамгершілік сезімін қалыптастыру, шарапатты болуға бейімдеу екендігінде дау жоқ.

Туған жер өз үйімізден басталады.Әр адам өз туған жерін  құрметтеу және сүю қажет. Егер адам Отанын сүймесе, онда ол жер оның Отаны болып саналмайды.  Елін сүйетін адам Отансыз өмір сүре алмайды. Алыс сапарға шыққанда туған жерін қатты сағынады. Оны түсінде де көреді.

«Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді.Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет.Сонда ғана адам бақытты  өмір сүреді. Кіп-кішкентай бұлбұлдың өзі туған жерін іздейді, қайғырады. «Әркімнің өз жері - жұмақ», - дегені рас. Осы жөнінде  «Шетте сұлтан болғанша, елде ұлтан бол» - деген мақалды  дана  халқымыз жайдан жай айтпаған болар.

Көк Байрақ көтерген 20 жыл
Мен бақыттымын... Себебі мен ынтымағы жарасқан, бірлігі ұласқан елде тұрамын. Бақыт бірлігі мен ынтымағы бар елге қонады екен. Демек, мен бақытты жерде туған елімнің бақытты перзентімін. Достығы дархан елімнің аты – Қазақстан!Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.
Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.
В.И.Ленин: “Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз.
Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
“Тіл туралы” заңдағы “Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған “Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарда жүйелі түрде жүзеге асыру. Ол тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларынан да көрініс тапты.
“Тіл – біздің тұтастығымыз”, “Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.
Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Егеменді ел болып, ес жиып, етек жия бастаған бұл күндері осындай ойға қонбайтын, солақай сорақыларды көбен көріп, қолмен ұстай отырып қазақ тілі мәселесі жөнінде толғанбай тұра алмаймыз.
Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.
Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы.
Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бердей. Осы кезде Паустовскийдің: “Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,” – деп, ашына айтқаны ойға келеді.
Ана тілін ұмытқан адам өз халықының өткенінен де болашағынан да қол үзеді.
Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.
Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.
Биыл көк байрағын көтерген тәуелсіздікке 20 жыл. Жиырма жылда еліміз дамып, еңсесін көтеріп, басқа елдермен терезесі теңелді. Халық болып, ел болып Ата Заңымыз қабылданды. Аспан түстес Туымыз, халықты елдікке , бірлікке шақыратын Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар. Қастерлі де қасиетті тіліміз бар. Осының бәрі – Тәуелсіздігіміздің айғағы, биік шыңы.
Асқарлы биік таулар, мөлдір таза бүлақтар, кең жайлау, жұпар иісті ауасы бейбіт өмірімізге әсем көрік беріп тұрғандай. Міне, мен осындай заңғар биік, достығы мызғымас берік Туған жерімді сүйемін!
Туған жерім –Қазақстан,
Тәуелсіздігі жарасқан,
Көк байрағы желбіреп,
Көк аспанға ұқсасқан.

Түрлі елдер достасқан,
Еңсесі биік Қазақстан!
Құтты болсын елдігің,
Тәуелсіз біздің Қазақстан!
0 дауыс

Туған жер.

«Туған – жер- тұғырың» дейді халық даналығы.

«Туған жердей жер болмас дейді тағы да. Жалпы туған жер туралы, (айтып) оның қадір – қасиеті туралы айтып тауыса алмастай боласың. Шыр етіп дүниеге келген жер, кіндік қаным тамған жер әрқашан да қымбат әрі ыстық. Әркімнің өз туған жері бар. Мен де өз туған жерімді жанымдай жақсы көремін. Оны ештеңеге де айырбастамас едім.

Туған жерімде мен дүниеге келдім, өсіп келем және білім алудамын. Туған жерімде менің қыбатты ата – анам, бауырламын, туыстарым, достарым, ұстаздарым бар. Туған ел, жер жөнінде ақын – жазушылар ұлы шығармалар, ән – жыр жазған.

Туған жердің табиғаты, тауы – тастары, өзен – көлі, халқы туралы мен де өскенде тамаша шығармалар жазғым келеді. Ол үшін мен үлке-е-ен болып өсуім керек. Және де жақсы оқып, терең білім алуым керек.Туған жерімнің өркендеуіне, гүлденуіне, жайнап – жаңаруына өз үлесімді қосамын деп ойлаймын. Және де өз еңбегімді сіңірсем деймін. Ол үшін де үлкен боп өсеуім, күш – қайрат керек.

Бізді анамыздай асырап, әлпештеген туған жерді, елді сүю біздің – парымыз. Біз, туған еліміздің – перзентіміз, сондықтан анамдай болған туған жерімді әрқашан мақтан етемін!

 

«Менің елім — Қазақстан»

Біздің елде биыл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдау жазды. Мен бұл Жолдауды оқыдым. Жолдауда Президент халық, мемлекет алдына он мақсат қойды. Менің ойымша, біздің ел бәсекеге қабілетті болу үшін экономикасын дамытуы керек. Елімізге білікті мамандар керек. Қазіргі уақытта мектепте білімге ерекше көңіл бөлінсе. Менің ұлтым украин, Отаным — Қазақстан. Мен елімнің патриотымын. Мен Солтүстік өлкенің тамаша жерінде тудым. Бұл жер Петропавл деп аталады. Бұл табиғаты тамаша жерде балалық елімнің патриотымын. Мен Оңтүстік өлкенің тамаша жерінде тудым. Бұл жер Қызылорда деп аталады. Бұл табиғаты тамаша жерде балалық шағым өтті. Прибрежныйдың жанында шағын өзен бар. Мен сол өзеннің суына шомылып өстім. Қазақстандық патриотизм — Отанды, туған өлкені, оның халықтарын сүю, табиғатын қорғау. Мен өз елімді әлемдегі дамыған елдердің қатарынан көргім келеді. Мен елімнің патриоты ретінде Отанымды қорғаймын.

«Егемен елім — ай!»

«Қайда жүрсең Атамекен,

Көкейіңде жатады екен».

Егемен елім — ай, кең — байтақ жерім — ай, тәуелсіз елім, сүйікті Отаным! Бұл сөздер менің атамекенім туралы. Менің атамекенім — Қазақстан. Қазақстанда көп халықтар өмір сүрген. Олар бірлікте, татулықта өмір сүреді. Қазақстанның табиғаты өте көркем! Онда көп ормандар, жасыл жайлаулар, биік таулар бар. Әрбір қазақстанның азаматы қазақ тілін оқу керек, салт — дәстүрлерін білу керек. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Қазақстанның астанасы — астана қаласы. Ол — әлемнің қаласы. Ол — жас қала, бірақ ол гүлденеді. Астана қаласында көп сәулет ғимараттары бар. Бұл: Бәйтерек, ойын — сауық орталығы «Думан» және тағы басқалар. Астана — өте көркем қала. Мен Қазақстанның азаматымын. Менің Қазақстаным гүлденеді!

0 дауыс
Бүгінгі қазақтың іздеген «Жерұйығы» не? Еуропа ма, Америка ма? Қайда ол көрікті мекен? «Ол жақта бәрі дейді ғой, қысы да жылы жаздайын» деп әндетіп жүрміз бе, әлде...

Гер-ағаң үнемі «менің құтты мекенім – қазақ жері» деуші еді. Германияға, туған атамекеніне кетуіне де болар еді. Бірақ жан-тәнімен қазақ болып кеткен Гер-ағаң неміс болып кете алмас еді. Оның тұла бойы тұнған қазақылық еді. Қазақтықтан безіп, неміс бола алмайтынын ол жүрегімен сезінді. Сол үшін қазақ халқының мұңы ортақ, жыры ортақ болды қаламгерге.

Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» атты керемет романы бар. Сол романын Шер-ағаң:

– «Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді.

Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді.

Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкстан, Иран бардым.

Мұхиттың арғы бетіндегі  Чикагода, Техаста, Нью-Йоркта болдым – олар да түсіме кірмеді.

Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым – ол да түсіме кірмеді.

Түсімде ылғи балалық шағымды көремін.

Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде үнемі Ақсу-Жабағылыны көремін» деуші еді ғой.

Бір кездері Қазақстаннан жырақ тағдыр айдауымен ауып кеткендердің туған жердің топырағын аңсауының сырын енді түсіне бастағандаймын.

Қазақстаннан алыс шетелдікке тұрмысқа шыққандардың да ішкі жан дүниесін аңғара бастаған секілдімін.

Туған мекеннен алыстаған сайын ол сені өзіне тарта береді екен.

«Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несі бар?» деуіңіз де мүмкін.

Алайда әркімнің өз жұмақ мекені болады.

Ол оның туып-өскен жері, атамекені, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі.

Менің де әлем халықтары секілді өркениетті мемлекетте өмір сүргім келеді.

Еуропаны аралап, Американың суын ішкім келеді.

Бірақ ол елдерде мәңгі тұра аламын ба? Жоғарыдағы өзіміз мысалға келтірген қыздардың тағдырын қайталамасымызға кім кепіл бола алады?

Еуропаны көрсек те, Америкада тұрсақ та, түсімізге енбеуі мүмкін.

Өйткені  біздің жұмақ мекеніміз – осында.

Біз осыны ғана аңсаймыз...
0 дауыс

маған жіктеу есімдігі бар любой шығарма керек өтінемін жазип жибериндерш:)image

0 дауыс
Туган
Әр адам өз туған жерін құрметтеуі және сүюі қажет. Алыс сапарға шыққанда туған жеріңді қатты сағынасың.Осы орайда дарынды қаламгер Ж.аймауытовтың: «Туған жердің қымбатын ғылым іздеп,кітап қарап сарылып,көзінің майын тауысқан,көшенің шаңын көп жұтқан шәкірттеңіз табанындағы тұздар ауаға ұшып ауа-райына кері нұқсан тигізіп жатыр.
білмесе,кім білсін? Ыстық қой,шіркін туған жер! Туған жерге жеткенше,қайтіп дәтің шыдайды?»-деген сөздері ойыма оралады.

Елім менің! Ол өз үйіңнің табалдырығынан басталады.Содан шетсіз,шексіз қияға өрлеп кете барады.Оның жұпар атқан жусаны,оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы,жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары- туған жердің көрінісі.х
0 дауыс
Мен де ешкандай жауап жок
0 дауыс
Туған жерім ,:)::::::()(:)//+($+:!$!+'+'+_++$(3))'(+'3+:2;*("9)@/#+')∆/!3;+'+$(!3!3+'( проходите по ссылке опана
...