Кашпировский Қазақстанға, әсіресе орыстары көп аймақтарға жиі келеді. Астанадағы Жастар сарайына келіп, 10-20 күндей сеанстар өткізеді. Қызық көріп, бір рет кіргенмін. Зал толы. Дені қарт адамдар. Кашпировскийдің кітабы, дискісі, портреті, тұзы сатылып жатты. Алушылар көп. Бір кезде Кашп-ң өзі шықты. Микрофонның дыбыс жекткізу сапасына көңілі толмай, мына уне бәл, мені мазақ еткендерің бе? деп орнынан тұрып,сахнаны тастап кетіп қалды. Нуу интрига жасау екені белгілі ғой. Көмекшілері шарқ ұрып, микрофонды жөндеген болды. Отырған жұртшылық, "әне, неткен әулие адам, өте ірі кісі, емдеу бәледі, мінезі де бар" деп аһілеп-уһілеп, таңқалып, таңданып жатты. Ыржиып қойып, отырдым. Не істейм енді?! Сенім деген дүниенің топас әрекеттерге апаратыны мәлім ғой. Содан бір кезде Кашпировский шықты. шапалақ соғылды. Дыбыс сапасының жақсарған түгі де жоқ. Үйтті, бүйтті. Сөйледі, сахнаға шығартты. Гипноз жасады. Біреулерді ұрды, біреулерді итеріп құлатты. Кейбірін кешкілік ақылы сеансына келуге шақырды. Өзін әбден мақтады. Өткен өмірінде не істеп , не қойғанын, эфирге шыққанын айтып, біраз даурықты. Ну, содан келушілердің барлығы да аһ ұрып, мақтау айтуға көшті. Ешкім емделмейді, далбаса әңгіме. Ақша сыпыруды ғана біледі. Кашпировскийді Ресейде қудалап, шеттетіп тастаған. Сондықтан да қазір посткеңестік елдерді аралап, нан тауып жүр. Солтүстік аймақтарға көп келеді. шымға келетін, келмейтінін білмейд екем. Келсе жөн еді. Тағы күлетін. Ол күн мен үшін күліп алуға себеп болды.