0 дауыс
2.6k көрілді

Маугли мен Тарзан секілді шынымен аңдардың ортасында өскен адамдарды білесіз бе?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Адам баласын қоғамнан аластатса, ол сол түскен ортасына қарай бейімделетіні анық. Мәселен, Маугли мен Тарзанды алайық. Қасқыр мен маймылдың ортасында өскен олардың мінезі мен іс-қимылы сол жануарларға ұқсап кеткен. Бұлар ойдан шығарылған кейіпкерлер. Десе де, дәл сол кейіпкерлер секілді әртүрлі жағдайда қоғамнан аластатылып, жануарлардың қамқорлығында өскен жандар өмірде болған екен. «Маугли» туралы еңбекті өмірге әкелген Редьярд Киплинг өз туындысының басты кейіпкері ретінде үнді баласын бекер алмаған екен. Жалпы, жабайы балалар жайлы аңыз-әңгімелер көп тараған ел ретінде Үндістанды айтуға болады. Ғалымдар бұл елде орман хайуандарының тәрбиесінде өскен балалардың көп болуына «халық тұрмысының төмендігі себеп» деген пікірде. Расымен, үнді жұртында мұндай оқиғалар көп болған екен. Әртүрлі жағдайда ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар қасқыр, маймыл, қабылан, ілбіс сынды әртүрлі жануарлардың асырауында болған. Міне, сол Үндістан елінің азаматы, қасқырдың сүтін еміп өскен Дин Саничарды Мауглидің прототипі деуге болады. Бұл бала 1867 жылы Буландшахре орманынан табылған. Аңшылар алғашқыда төрт аяқтап қасқырлармен бірге жүрген құбыжықты көріп, «сайтанның сапалағы» деп қатты шошыған көрінеді. Қасқырдың апанын біраз аңдыған олар, бұл «құбыжықтың» кәдімгі адам екенін ұққан. Содан ұстап алып, ауылға әкеледі. Шамамен 6 жастағы бала алғашқыда адамдарға қасқырша айбат көрсетіп, қолдан пісірілген тамақты жеуден бас тартады. Шикі етті сүйсініп жейтін Динді жұрт қалыпты өмірге бейімдегісі келеді. Қарапайым тамақ жеуге үйретеді, киім кигізеді. Бірақ қасқырлардың тәрбиесінде болған жігіт бір ауыз сөз сөйлей алмайды. Жабайы баланың нендей себептермен орманда қалып, қасқырлар тобына қалай қосылғанын ешкім біле алмаған. Ал қасқырлар балаға қалай еміреніп, ортасына қосты екен? Ол да беймәлім. Дин адамдар арасында 20 жылға жуық өмір сүрген. Зерттеуші Валентин Болл өзінің «Үндістан орманындағы тіршілік» атты еңбегінде қасқырлардың асырауында болған бірнеше баланың есімін берген. Автор Дин Саничар табылған соң, көп ұзамай, 10 жас шамасындағы Лакнау есімді тағы бір жабайы баланың табылғанын жазады. Ол адамдардың қалыпты өміріне тіпті бейімделе алмай, көп ұзамай қайтыс болған. Иә, Лакнау үшін адамдар әлемі жабайы болып көрінген болар. Жабайы өмірге бейімделгендердің арасында ұл балалар ғана емес, сонымен бірге қыздар да бар. 1920 жылы Пашимбанга елді мекенінің тұрғындары орманнан екі қызды тауып алады. Олар да Маугли секілді қасқырлардың үйірінен шыққан. Бұл екі қыз жайлы дерек 1926 жылы «Calcutta Statesman» газетінде жарық көреді. Мұндай ақпаратты басылымға миссионер Лал Сингх берген. Қыздарды қасқырдың апанынан алып келіп, зерттеу жүргізген осы миссионердің өзі. Сингх екі қыздың мінез-құлқын зерттеп, көрген-білгенін дәптеріне түртіп отырады. Егер миссионердің жазбаларына сенсек, жабайы қыздардың бірі сол кезде 18 айлық болған. Ал екіншісі 8 жаста екен. Оларға Сингх Амала және Камала деген есім беріп,
адамдар ортасына үйреткісі келеді. Бірақ әпкелі-сіңлілі олар қанша үйретсе де, адам тілін түсіне алмайды. Төрт аяқтап жүретін екеуі алғашқыда маңына жан баласын жолатпай, тістеп, тырнап, айбат көрсеткен. Тіпті түнде ұлитын әдетін де тастамаған. Кішкентай Амала бүйрек ауруынан 1921 жылы қайтыс болады. Ал ересек әпкесі сіңлісінің өлімінен соң, тұйықталып, айбат шегуін қойып, адамдар ортасына үйрене бастағандай болады. Ол да 1929 жылы бүйрек дертінен қайтыс болған көрінеді. Солайша әртүрлі жастағы қыздардың қасқыр үйіріне қалай қосылғаны құпия күйінде қалып қояды.
Бұл оқиғаны көпшілік өтірікке балайды. Себебі миссионер ұсынған Амала мен Камаланың суреттері одан беріректе түсірілгені анықталады. Ал профессор Роберт Зинг болса, Сингхтың жазбалары ойдан шығарылмағандығына шын сенеді. Бірақ нақты деректер болмағандықтан бұл оқиғаның растығына күмәнмен қараймыз.
Ал одан ертеректе Еуропаның орманы осындай бірнеше жабайы баланы «өмірге әкелген». 1725 жылы Германияның Хамельн елді мекенінің тұрғындары орманнан 10 жас шамасындағы жабайы баланы тауып алады. Шөппен тамақтанып, төрт аяқтап жүрген бала жайлы хабар жұртшылыққа тез тарап, Ұлыбритания Королі Бірінші Георг оны өз еліне алдырады. Өткен өмірі белгісіз жабайы балаға Питер деген есім беріліп, Лондон жұртшылығы оны «Жабайы Питер» атап кетеді. Бейкүнә нәресте секілді, қоғамның түрлі қулықтарынан ада өскен баланың оқиғасына біреулер өтірік деп қараса, екіншілерінің керісінше, жаны ашып, қамқорлығына алады. Тіпті Корольдің қызы Питерге арнайы дәрігер қойып, денсаулығын реттеуді тапсырады. Бірақ жігіт бір-екі ауыз сөзден өзге ештеңеге де үйрене алмайды. Содан баланы күтушіге тапсырып, айлық жәрдемақысын бөліп отырады. Күтушісі қайтыс болып, қараусыз қалған жігіт 1751 жылы жоғалып кетеді. Ақыл-есін білмейтін ол көп ұзамай, түрмелердің бірінен табылып, әлгі күтушінің бауыры Томас Феннің қарауына өтеді. Балалық шағы бұлыңғыр Питер адамдар арасында өмір сүруге дұрыс бейімделе алмағанына қарамастан, Феннің қожалығында 70 жасқа дейін өмір сүрген десе-ді.
Дәл сондай жабайы жігітті Франция тұрғындары Сан-Серни-сюр-Ранс орманынан 1797 жылы ұстап алады. Өмірі көрмеген тіршілік иелерінен үрейі қашқан жігіт амалын тауып, орманға қайта кетеді. Екі жыл бойы жұрт көзінен тасада жүрген ол адамдардың өзіне зиян тигізбейтінін сезіп, 1800 жылы ауылға өз еркімен келеді. Денесінде түрлі жарақаттардың тыртығы қалған, мінез-құлқы ерекше, 12 жас шамасындағы баланы ауыл адамдары жылы қабылдайды. Жабайы бала жайлы әңгіме тез тарап, оны билік өкілдері өз қарамағына алады. Жас дәрігер Жан-Марк Итар бірінші болып оны өз күтіміне алып, оған Виктор деген есімді береді. Мамандар оның ауылға өз еркімен келгенін ескеріп, «бала кішкентай кезінде адамдар арасында өмір сүрген» деген болжамға тоқтайды. Ал оның орманда өмір сүру мерзімі шамамен 7 жыл. Осы жеті жылда қыстан қалай шыққанын білу үшін зерттеушілер оны қардың үстіне жібереді. Ақ қарға әбден аунаған Виктор еш тітіркенбестен далада ұзақ жүреді. Тіпті дене қызуы да өзгермейді. Яғни оның денсаулығы да уақыт өте келе, сол жабайы өмірге толық бейімделген. Ол 1828 жылы Париж қаласында дүниеден озған екен.
Ал Еуропаның ең атақты  жабайы баласы әрі сыры ашылмаған тұлға ретінде Каспар Хаузерды атауға болады. Көпшілік оны ақсүйектер отбасынан  шыққан деп есептейді. Яғни ол таққа таласушылардың кесірінен қапасқа түсіп, саяси ойындарының құрбанына айналған. Оны 1828 жылы Нюрнберг қаласынан тапқан. Жүріс-тұрысы біртүрлі, тіс жарып сөз айта алмайтын, мінезі кішкентай балаға ұқсас 16-17 жастағы жігіттің тағдыры қала тұрғындарын таңғалдырады. Өзінің есімін қағазға жазған баладан артық ақпарат ала алмай, дал болған қала басшылары жігіттің балалық шағын зерттеуге белсене кіріседі. Ал Каспарды қала қамқорлығына алып, оның түбегейлі емделуіне толық жағдай жасайды. Жанындағылардың жақсы күтуінің арқасында Каспар тез тіл үйреніп, адамдар ортасына бейімделе бастайды. Уақыт өте келе, оның алғашқы кездері қалыпты ортада жүріп, кейін қапасқа қамалып, онда бірталай жыл өмірін өткізгені белгілі болады. Бірақ Хаузер онда  не себепті отырғанын, кімнің ұстағанын өзі де толық білмеген.
Ол адамдар арасында небары бес жыл өмір сүрген. Сол аралықта оны біреулер бірнеше рет өлтірмек болады. Ал 1833 жылы оны белгісіз біреу өлтіріп кетеді. Осы қастандықтарды ескерген мамандар оны Баден герцогі Карлдың мұрагері деп есептейді. Оны қапасқа қамаған да, кейін өлтірткен де Баден шағын мемлекетінің герцогі І Людвиг болуы мүмкін деген де пікірлер бар.
Ал Африка құрлығынан 1996 жылы шимпанзенің тәрбиесінде өскен баланы тауып алған. Бұл баланы алты айлық кезінде, денсаулығында бір кінәрат барын сезіп, ата-анасы орманға апарып тастаған-мыс. Қараусыз қалған байқұс баланы  маймылдар тауып алып, өз қамқорлығына алған. Екі жылдай жабайы әлемде өмір сүрген оған кейін Белло деген есім беріліп, балалар үйіне өткізілген.
Белгісіз
Маймылдардың тәрбиесінде өскен ол сіңіп қалған әдет бойынша әр нәрсеге өрмелеп, бірнәрседен қорықса немесе ашуланса шыңғырып есі кететін болған. Адамдар ортасында өмір сүру оған  оңай болмаған сыңайлы. Белло 2005 жылы аурудан қайтыс болған.
Бір қызығы, бала кезіміздің  кейіпкерлері Маугли мен Тарзан кейін қалыпты өмірге тез бейімделіп кеткен еді. Көркем туынды болған соң, онда өмір шындығы сәл бұрмаланған деп ойлаймыз. Ал расымен де, өмірдің құқайын көріп, осындай жағдайға тап болған мына балалар қорқыныш пен үрейге толы адамдардың өміріне бейімделе алмаған
Белгісіз
+3 дауыс
Ондай адам жоқ шығар, болса да олар ормандағо.
+1 дауыс
Ия,ондай адам бар... пусть говарят деген шоуда корсеткен
+1 дауыс
Ия ондай адамдар бар, бар болғанда былай ғой, өткен ғасырда индияда бір бала аңдарың арасында өскен, ол бірақ тілі шықпай (сөйлей білмейді) сосын адамдардың арасына үйрене алмай кеткен, Ресейде де Сібір жақта адам көрмеген балалар табылған олардың тағдыры сол тәріздес
–1 дауыс
оны аңдар жеп қоймаған ба vvvwww

Ұқсас сұрақтар

...