+2 дауыс
"Қойды қорадан сатпа "деген мәтел оқып едім бір кітаптан. Атам жанымда болса түсіндіріп берер еді. Ауылда да қазір. Неге олай айтылған?
13.10.2013 608 қаралым

2 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Мұндай мәтелді  алғаш естіп отырмын. Тура мағынасына қарап, тұспалдап жауап беруге болады. Қазақ өз жанұясына қатысы жоқ, бөгде адамды қой қорасына кіргізбеген, қорасындағы қойды аралатпаған, өзгеге қойын санатпаған. мал базарда қой, не басқа да төрт түлікке жататын меншігін сатқанда жібін, тағы сол сияқты жүген-ноқтасын алып қалған. Сатып алушыға қосып бермеген.малын сатқанрда қора ішінде саудаласпайтындарды, қол алысып, ақшасын санап алмайтындарды көргенмін. Саудаласуды сыртқа шығып жүргізеді. Ақша - қолдың кірі, саудада жан жоқ, малмен бірге құт кетеді деп сенеді.
19.10.2013
Жауаптарға рахмет.  Демек осындай бір ырыммен айтылған болды ғой.
+2 дауыс
Көркем қыз! Бұл мәтелді бірінші рет естіп тұрмын. Қорадан сатпағанда қайтеді басқа, ауыл адамдары? Менің білетінім, малды сатқанда, жібін, ноқтасын алып қалады.
14.10.2013
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы