Асқазанның шырышты қабатының қабынуын гастрит дейді. Бастапқы кезде дұрыс уақытында тамақ ішпегеннен, қуырылған , ысталған құрғақ тамақ түрлерін ұзақ ауқыт мезгілсіз пайдаланғанда ,спиртті ішімдіктерді темекіні аш қарынға пайдаланғанда асқазанның шырышты қабығын тітіркендіріп, асқазан сөлі шамадан тыс көп бөлініп тітіркеніп қабынады. Жүйкесі жүқа,адамдарда да асқазан солі көп болініп гастритпен ауырғыш болдады. жалпы өмірде осы себептердің барлығы бірдей әсер беріп жатады.Бұдан басқа бауыр. өт , ұйқы бездерінің қызметі бұзылғанда, өт дұрыс жүрмей,ұлтабардан асқазанға, ,асқазаннан өңешке ауыз қуысына дейін келіп жүрген жерінің бәрін қабындырады,Бұны "рефлюкс" дейді. Осы кезде себебін анықтап, емделмесе асқынып бірінші эрозиялар (шырышты қабаттың жұқарып,ыдырауы),,осы уақытта емдік шаралар қабылдамаса онд асқазанның ішкі қабырғасында ойық жаралар яғни ЯЗВА пайда болады.Асқазандағы язва өте қауіпті, тесіліп, жыртылып кетуі мүмкін язвадан қан кетіп адам өліп кетуі мүмкін. Ұзақ уақыт емделмеген язва ракка айналуы мүмкін..