0 дауыс
4.5k көрілді
"Әке асқар тау" кездесу тәрбие сағаты қажет(7 сыныпқа). Әкелер туралы кездесу тәрбие сағаты қажет?

1 жауап

0 дауыс

Әке туралы тәрбие сағаты

Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәні: сыныптан тыс шара, кездесу сағаты
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Әке-шаңырақтың негізгі тірегі

Тақырыбы: «Әке –шаңырақтың негізгі тірегі»

Мақсаты: Балаларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру. Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу.
Барысы:
Армысыздар ата-аналар мен оқушылар!
Оқушылар әкелерін ортаға алып шығып флеш-моп билейді.
«Ата –сая болар бағың болса,
Әке-асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар, жылытар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәттсіз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім,-дей отырып, сіздерге арналған «Әке –шаңырақтың негізгі тірегі»атты кездесу сағатына қош келдіңіздер!
Құттықтау сөз: мектеп директоры Ерболат Мұратқалиұлына беріледі.
Н. Тілендиевтің әні: «Әке туралы жыр» орындайтын: хор
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.
Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы.Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Халық ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. «Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар-кері кете туады» деген тұжырымға сай баланың қандай болмағына негіз қалайтын әкенің өзі.
Ертеде бір қария қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
-Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
-Балам, анау не?-деп сұрапты.
-Ол түйе,-деп жауап беріпті.Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Баласы әлгі жауабын тағы қайталапты.Әкесі үшінші рет сұрағанда баласы:
-Ол түйе, түйе! Өзім шаршап келе жатқанда қайта-қайта неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда әкесі:
-Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір»,-деген екен.
Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу-айрықша парыз. «Әкеге бағыну-Аллаға бағыну.Әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау.Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
Ең тамаша сөз бұл өмірде «Әке» деген,
Суыққа бір шалдырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына.
Алаңсыз сауық-сайран, құрыпжүрміз,
Біз бүгін әкелердің арқасында.
Әкешім, жүреміз біз бір өзіңді арқаланып,
Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық.
Жүзге жет жүзің жарқын, денің сау боп,
Оны да аман-есен қарсы алалық.-дей келе, ұл-қыздарыңыздың өнерлерін тамашалауға шақырамыз.

«Айналайын жан әке!»
www.jospar.kz
Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар
орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар

1.Зарина:Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Құттықтап келді бүгін боталарың.
Әрқашан анамызбен аман болып
Тең көріңдер бала-шаға қуанышын!

2.Әділет:Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Арқа сүйеп еркелейтін асқар тауым!
Ерекше қайталанбас даралығың
Өміріме жол сілтейді даналығың!

3.Гүлдана:Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Тілеймін өзіңізге Жамбыл жасын.
Бақ-даулет, береке, ырыс болып
Ата бабам әруағы қолдасын!

4.Айкөркем: Арманы едім аңсаған,
Әкелем бақыт мен саған.
Ұрпағым болып жалғастым,
Қуаншы, әке, сен соған.

5.Ботакөз:Теңіздей шалқып жүремін,
Сүйенер сенсің- тірегім.
Барсам да қайда, жан әке,
Өзіңмен бірге жүрегім.

6.Айару:Атам айтса «ұлым» деп,
Әжем айтар «күнім деп.
Екеуінен қаймығып,
Айтады мені інім деп.
Ықыласы бір менде,
Бір шытпайды қабағын.
Үйде, түзде, жүргенде,
Соған ұқсап бағамын.

7.Ару: Ата-анамның күнімін,
Туған елдің қызымын.
Тілімде бал, өзім –бал,
Балдай тәтті қылығым.

8.Гүлхан: Өзіңнің ерке қызың бұл,
Арнайды бүгін саған жыр.
Жақсылық тілеп жолына,
Әрқашан әке, аман жүр.

9. Ертарғын:Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана — тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.

10. Исламбек өзі шығарған.
Мен сізді жақсы көрем әке жаным,
Мен сіздің кіп-кішкентай балапаның.
Қолыма қалам алып алғашқы рет,
Құттықтап мерекеңе жыр арнадым.

Ән: «Әкем әнім» орындайтын Әділет Сұңғатұлы
Ойын: Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
Әкелеріміздің тапқырлығын байқайық.
Тәні саудың… сау (жаны)
Ас тұрған жерде… тұрмас (ауру)
Денсаулық… байлық (зор)
Шынықсаң… боласың (шымыр)
.........-арымның садағасы (жаным)
Енді кезекте балалардың логикалық тапқырлығын байқайық.
Азулы, ұзын, жасыл (қолтырауын)
Кішкентай, сары, мамықтай (балапан)
Қып-қызыл, епті, қу (түлкі)
Маймақ, дәу, қоңыр (аю)
Жауабын тапқан аңдардың қимылын салу.
Би: Балалық шаққа саяхат
Ойын: «Менің ойыншығым»
Әкелер бастарына қағазды қойып, балалық шағындағы сүйікті ойыншығының суретін салады. Р.Стамғазиевтің әні орындалып тұрады.
Әзіл әлемі: «Қыз Жібек пен Төлеген»
«Сіз балаңызды жақсы білесіз бе?»
1.Балаңыздың туған күні, айы жылы?
2.Балаңыздың аяқ киім өлшемі?
3.Балаңыздың парталас көршісі?
4.Кеше сабақтан қандай баға алды?
5.Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6.Балаңыздың сүйікті түсі?
7.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8.Балаңызға қандай еркелететін сөз айтасыз?
9.Балаңыздың ең жақын досы?
10.Балаңыздың сүйікті пәні?
Би: Роботтар биі
Ойын: «Әке мені тамақтандыршы?» Әкесі баласына сүт ішкізеді.
Ән: Жауынгер жыры орындайтын хор.
«Әкешім»атты ашық хат жолдау. Әкелерге арналған сыйлықты беру.
Әкелердің құттықтаусөзі.
Атадан бата алу
Қорытынды:
Шешесін ұқпайтын
Әкеден ықпайтын
Ұл болмайды.
Шешеге тартпайтын,
Әкеге жүк артпайтын
Қыз болмайды-деп тегін айтпаған. Оларды жақсы тәрбиелеп, өнегелі еңбекке баулып, еліне пайдалы азамат етіп өсіру сіздердің абзал борыштарыңыз. Ертеме, кешпе сіздің тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз белгілі бір табыстарға жеткізері сөзсіз.
Өсіріп баптап баласын
Әкелер әркез «Жарайсың»
Бар өнерін үйреткен
Оздырған да жүйріктен
Әке- деген ардақты ат.
Менің әкелерге тілегім:
Қыстай суық денсаулық.
Жаздай ыстық махаббат
Күздей шат көңіл,

Көктемдей күліп жүре беріңіздер. Бүгінгі кездесу сағатымызға уақыттарыңызды бөліп, бала деп келгендеріңізге көптен-көп алғыс айтамын.

...