0 дауыс
13.2k көрілді
Ақ сұлама дегеніміз не? Биологиядан керек еди маган.

4 жауап

0 дауыс
Ақ сұлама ол құрт.оның денесіндегі қабаттары 3.олар:эктодерма,энтодерма,мезодерма.Ақ сұламаның ас қорту жүйесі ауыз,жұтқыншақ,ішек.Ақ сұлама қосжынысты және жынысты жолмен көбейеді.
0 дауыс
Қоғасы қалың өскен, су бетінде лалагүлдің жалпақ жапырақтары қалқып жүрген қарасудан дене тұрқы 15-25 мм-гежетер-жетпес, созылыңқы денелі жалпақ құрт- мүламаны кездестіруге болады. Бұл құрт түсі ақ, денесі көлбеу созылып жатқандықтан, ақ сұлама деп аталды. Оның жалпақ денесін бойлай ойша негізі сызық жүргізсек, дененің бірдей екі бөліктен ққралатынын көруге болады. Мұндай жәндіктер екі жақты симметриялы жәндіктер деп аталады. Көпжасушалы жәндіктер мен жануарлардың көпшілігі екіжақты симметриялы болып келеді.

Ақ сұлама тас қалқасында жасырынып жатады.Ақ сұламаның жалпақ денесінің алдыңғы жағында екі кішкене қара көзі орналасады. Ұлғайтқыш әйнек арқылы оның денесін кірпікшелердің қаптап жатқаны көрінеді.Ақ сұлама барлық кірпікшелері үйлесімді қозғалғанда жайлап алға қарай жылжиды. Кірпікшелер оның қозғалуына көмектеседі.

Ақ сұламаның денесі үш қабаттан құралады: сыртқы қабат-эктодерма, ол тері -бұлшықет қапшығын түзеді; ішкі қабат- энтодерма, ол эктодерманы астарлап жатады; ал үшінші қабат- мезодерма, аналық жыныс жасушасының даму барысында осы қабаттан барлық ұлпалар мен мүшелер дамиды. Ақ мұламаның ішек- қуыстылардағыдай дене қуысы болмайды, онда белгілі пішінсіз борпылдақ жасушаларға толы түзіліс- паренхима орналасады. Паренхима дегеніміз - мезодермадан түзілген мүшелерді қоршап жататын дәнекер ұлпа. Ақ сұламаның денесі 4 түрлі ұлпадан : жабын, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпаларынан құралады. Ақ сұлама денесінің құрылысымен танысқанда алғашқы рет кездесетін ұғым- мүше. Ол- ағзадағы белгілі құрылысы бар, үйлесімді қызмет атқаратын дене бөлігі. Күрделі құрылысты жәндіктер мен жануарларда мынадай мүшелер жүйесі болады: асқорыту, тынысалу, зәршығары, жүйке, қантамыр және жыныс мүшелері. АТқаратын қызметі бір-біріне ұқсас мүшелер жиынтығы жүйе болып саналады.
0 дауыс
Ак сулама курттар типыне жатады
0 дауыс
Ақсұлама орысша қалай?
Белая акванария
...